Өскемен
ясно
+5°
  • Өскемен
    +5°
  • Алматы
    +14°
  • Астана
    +12°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +12°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +12°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +15°
$
447.89
476.78
¥
61.89
4.79
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ново-Явленкадағы Абай атындағы мектеп биыл жөнделмек

Мердігер әлі табылған жоқ, бірақ 1 қыркүйекке дейін күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады деп жоспарлануда

Усть-Каменогорск и ВКО / Ново-Явленкадағы Абай атындағы мектеп биыл жөнделмек
Фото:
редакция мұрағатынан

Бұл туралы Ахмер, Ново-Явленка, Прудхоз ауылдарының тұрғындарымен кездесуі кезінде Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар мәлімдеген болатын.

Қазіргі таңда Ахмер кентінде “Ауыл - ел бесiгi” бағдарламасының аясында жұмыстар жүргізілуде. Мұнда ұзындығы үш шақырымнан асатын үш көшеге асфальт төселеді. Олардың бірінде жол жабынын төсеу жұмыстары басталып қойған. Сонымен қатар, жарық желілері құрылып жатыр. Биыл Ахмерде тоғыз көше жарықтандырылмақ.

Ново-Явленка кентіндегі орталық көшені жөндеу, көшелерді жарықтандыру, Прудхоз тұрғындарын жақында салынған су құбырына қосу секілді мәселелер қарастырылды, - деп жазды шаһар басшысы Жақсылық Омар. - Сондай-ақ, тұрғындар үшін №33 мектепті жөндеу мәселесі де өзекті болып тұр.

Иә, бұл мектептің мәселесі шаш етектен. Ол туралы жазған да болатынбыз (7.04.2022 жылғы №14 сан). Салынғанына он жылдан енді ғана асқан қала іргесіндегі мектептің қабырғалары жарылып, қаііпті болып тұрғандықтан жабылып, толығымен жұмысын тоқтатқан. Білім ордасының оқушылары биылғы оқу жылын бір легі Ахмердегі жаңа мектепте, бір легі Ново-Явленка ауылында оқып бітірген. Кейбірі үйлерінде онлайн оқуға мәжбүр болды.

ШҚО Білім басқармасы ұсынған ақпаратқа сүйенсек, Өскемен қаласы маңындағы Шығыс ауылында орналасқан Абай атындағы №33 орта мектептің қабырғасы жарылып, құрылысы сыр берді. "Нұрлы көш" бағдарламасы аясында салынған бұл ауылда бүгінгі күні 300-ден астам отбасы тұрады. 600 орынға арналған білім ордасы 2011 жылы толыққанды салынып бітіп, 1 қыркүйекте ел игілігіне берілген. Он жылдан кейін пайда болған жарықшақтарға тәуелсіз сарапшылар жіті тексеру жүргізіп, су құбырының жарылуынан мектептің асхана, дәлізіндегі едендері отырып және қабырғалары жарылды деген. Қала әкімі Жақсылық Мұқашұлының сөзіне сенсек, биыл бұл мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

Бүгінгі таңда жоба әзірленіп қойды, жақын арада күрделі жөндеу жүргізу үшін мердігерді таңдау бойынша конкурстық процедуралар өткізіледі. Жұмыстар 1-ші қыркүйекке дейін аяқталуға тиіс, - деген болатын әкім халықпен кездескенде.

Следующая →