Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО Ана мен бала орталығы жоғары медтехнологияны қолданатын елдегі алғашқы мекеме болады

ШҚО-да бек бірінші жартыжылдықта ғана 552 жоғары технологиялық операция жүргізілген. Ал өткен жылы 440 операция жасалған

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО Ана мен бала орталығы жоғары медтехнологияны қолданатын елдегі алғашқы мекеме болады

Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысымен бірге халыққа жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша өткізген кеңесінде мәлімдеді.

Алты бірлік медициналық жабдық сатып алынады, бұл жоғары технологиялық медициналық қызметтердің тағы 14 түрін жүргізуге мүмкіндік береді, - деп атап өтті Даниал Кенжетайұлы. - Қазір 19 дәрігер біліктілігін арттыруда, 54 маманды үздік клиникаларда оқыту жоспарлануда, олардың 20-сы онкогематология саласында.

Сондай-ақ, біздің дәрігерлер Нұр-Сұлтандағы Ұлттық кардиологиялық орталықта және нейрохирургия орталығында Юрий Пядан дәріс алады.

Ана мен бала орталығында зертханалық зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін заманауи жабдықты орнаттық. Жүкті әйелдердің қан тамшысынан ұрықтың ішілік хромосомалық патологиясын диагностикалау жүктіліктің 9-шы аптасынан бастап даун, эдвардс, патау синдромдарын анықтауға мүмкіндік береді. Қазір бұл аз инвазивті операция кезінде ғана мүмкін. Біздің Ана мен бала орталығы жақын арада дәрігерлер жоғары медициналық технологияны қолданатын ҚР-дағы алғашқы медициналық мекеме болмақ, - дейді аймақ басшысы.

Следующая →