Қалада маусымдық сауда объектілерін ашу үшін санитариялық қызметтің рұқсаты міндетті
Жұмсақ балмұздақ, квас, попкорн, қант мақтасы және басқа да тамақ өнімдерін саудалау маусымдық сауда объектілеріне жатады. ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бұлардың арнайы бөлінген орындарға орналастырылатынын хабарлайды
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-220/2020 "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесін бекіту туралы" бұйрығы негізінде ұсақ бөлшек сауда объектілері эпидемиялық маңыздылығы болмашы объектілерге жатқызылған.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 108-бабының 1-бөлігіне сәйкес кәсіпкерлік субъектілері қызметін бастау және одан әрі жүзеге асыру үшін объектінің орналасқан жері бойынша аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына хабарлама жіберуге міндетті.
Ұсақ бөлшек сауда объектілерін орналастыру және олардың жұмыс істеуі "Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 4 тамыздағы № ҚР ДСМ-73 бұйрығының талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылуы керек.
Ұсақ бөлшек сауда объектісін сатушы Санитариялық қағидалардың мынадай талаптарын сақтауы тиіс:
1) объект және оған іргелес аумақтың таза ұсталуы;
2) тамақ өнімдерін қабылдауды және өткізуді оның қауіпсіздігін растайтын сәйкестікті бағалау (растау) туралы таңбалау, тауарға ілеспе құжаттар болған кезде жүзеге асыру;
3) тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімдерін, сақтау және өткізу шарттарын сақтауды қамтамасыз ету;
4) тамақ өнімдерін босату талаптарын сақтауға, босату кезінде сауда мүкәммалын пайдалану;
5) тамақ өнімдерін ластанудан қорғау;
6) таза арнайы киімді пайдалану;
7) жеке гигиена қағидаларын сақтау;
8) өзімен бірге жеке медициналық кітапшасының болуын қамтамасыз ету.
Жұмсақ балмұздақты дайындаушының техникалық құжаттамасына (технологиялық нұсқаулыққа, рецептураға) сәйкес автоматтарда дайындау кезінде кәсіпкерлер санитариялық қағидалардың мынадай талаптарын сақтауы тиіс:
1) құрғақ қоспалардан немесе концентраттардан дайындалған қалпына келтірілген қоспаларды пайдалану, қалпына келтірілген қоспаны дайындау үшін жаңа қайнатылған ауыз суды пайдалану;
2) пастерленбеген шикі сүтті, шикі жұмыртқаны пайдалануға жол бермеу;
3) іске асырылуына қарай қалпына келтірілген қоспаны дайындауға міндетті;
4) оны дайындау орындарында ғана сатуға жол берілмейді;
5) фризер (балмұздақ дайындауға арналған аппарат) жұмыс күні аяқталғаннан кейін негізгі объектіде (тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) жөніндегі объект, қоғамдық тамақтандыру объектісі, сауда объектісі) жуылуы және дезинфекциялануы тиіс.