ШҚО лагерьлері балаларды қабылдауға дайын ба?
Шығыс Қазақстан облысында 2022 жылдың жазғы кезеңінде 35 қала сыртындағы сауықтыру ұйымдары 185 374 баланы және 475 мектеп жанындағы лагерьлер 4 036 баланы қабылдамақ
Балалардың қала сыртындағы жазғы сауықтыру лагерьлерінде, мектеп жанындағы және балалардың демалысы мен сауықтыруының басқа да нысандарында қауіпсіздік шарттарының бірі - санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау болып табылады.
Жазғы сауықтыру маусымының ашылуы алдында лагерьлерде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары және профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі, оның ішінде: инженерлік желілер, желдету жүйесі жұмысының тиімділігін тексеру, ас блогының тоңазытқыштарды, технологиялық жабдықтарды тексеру, ауызсудың сапасы мен қауіпсіздігін зерттей отырып, сумен жабдықтау құрылыстары мен желілерін профилактикалық жуу және дезинфекциялау.
Сондай-ақ, аумақты тазалау және абаттандыру, дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық іс-шаралар, шомылу орындарының, ойын алаңдарының жай-күйін тексеру жүргізіледі.
Маусымдық қала сыртындағы лагерьлерді пайдалану үшін объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болуы міндетті шарт болып табылады. Профилактикалық бақылау барысында санэпидқызмет мамандары балалардың қауіпсіз болуына, тамақтануына, медициналық қызмет көрсетуіне, қызметкерлердің медициналық тексерілуінің болуына және т. б. ерекше назар аударады.
Бүгінгі таңда облыста 10 қала сыртындағы лагерь нормативтік-құқықтық актілер талаптарына объектінің сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алып, 1 045 баланы сауықтыруға қабылдады (ақпарат Департаменттің сайтында жариялануда, ол рұқсат беру құжатын алу шамасына қарай жаңартылады).
ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары білім басқармасымен бірлесіп сауықтыру ұйымдарының жазғы маусымға сапалы және уақтылы дайындығын қамтамасыз ету мақсатында сауықтыру ұйымдарының қызметін жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалармен ұйымдастыру іс-шараларын тұрақты негізде жүргізеді.