Зайсанның палуандары жайлы кітап жазды
Зайсан ауданының мәдениет үйінде Асқар Сәбитовтің "Зайсанның жайсаң палуандары" атты кітабының тұсаукесері өтті
Бұл кітап ауданнан шыққан палуандардың өмірі мен спорттағы жетістіктерінен, қиындығы мен қызыққа толы сәттерінен сыр шертеді. Автор Асқар Сәбитов ұзақ жылдар ұстаздық еткен, мыңдаған шәкірт тәрбиелеп шығарған. Өмірдің қызығы мен шыжығын бір адамдай көрген адам.
Кітап әзірге санаулы ғана данамен басылып шықты. Мұқабасы жұқа көрінгенімен ішіндегі азық болар дүниенің жүгі ауыр. Автор реті келсе, әлі талай мәселені көтеріп, кітап жазу ойында жүргенін айтты.