Өскемен
малооблачно
+15°
  • Өскемен
    +15°
  • Алматы
    +21°
  • Астана
    +15°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +15°
  • Көкшетау
    +15°
  • Қостанай
    +14°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +14°
  • Петропавловск
    +14°
  • Тараз
    +21°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +23°
$
439.43
473.31
¥
60.98
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-ның кішкентай тұрғындарына қуаныш сыйлады

Шығыс Қазақстан облысы Халықаралық балаларды қорғау күнін ауқымды түрде атап өтті. Ертегілер әлеміне саяхаттаған бүлдіршіндердің қуанышында шек жоқ

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-ның кішкентай тұрғындарына қуаныш сыйлады
Фото:
ШҚО Білім басқармасынан

Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау - еліміздің әлеуметтік-құқықтық саясатының басым бағыттарының бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды - Балалар жылы деп жариялады. Осыған орай биыл балаларды қорғауға, сапалы біліммен қамтуға, мүмкіндігі шектеулі балалардың денсаулығын нығайтуға, инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр.

Халықаралық балаларды қорғау күні аясында ШҚО Білім басқармасының ұйымдастыруымен ауқымды шаралар атқарылды. Бүлдіршіндердің көңілін көтеріп, денсаулықтарын жақсартуға бағытталған мерекелік шаралар әр аудан мен әр ауылда өтті.

Облысымыздың әр түкпірінде мерекелік шаралар ұйымдастырылып отыр. Аталмыш шараға 180 мыңға жуық бүлдіршін қатысты. Мерекелік концерт, спорттық ойындар балалар үшін қызықты, тартысты өтіп жатыр. Жыл көлемінде Білім басқармасының ұйымдастыруымен балалардың өмірін жақсартуға, денсаулықтарын нығайтып, білімдерін арттыруға бағытталған шараларды ұйымдастыру жоспарланып отыр, - дейді Шығыс Қазақстан облыстық Білім басқармасының тұлғаның рухани адамгершілік дамуы, тәрбие жұмысы және қосымша білім беру бойынша бөлім басшысы Әсем Нускенова.

Мерекелік шаралардың ең ауқымды, ең қызықты бөлігі облыс орталығындағы этноауылда өтті. "Әлемнің 7 кереметі" атты ертегілер әлемінің желісінде құрылған мерекелік бағдарлама бүлдіршіндердің көңілінен шықты. Музыкалық сайыстарға қатысып, спорттық жарыстарда бақ сынасып, сурет өнерлерін, білімдерін шыңдаған балалар сыйлықтарын алып үйлеріне көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

Следующая →