Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да ауызсу сапасы нашар ма?

Шығыс Қазақстан облысы Санитариялық-эпидемилогиялық бақылау департаментінің аумақтық бөлімшелері ағымдағы жылдың басынан бері ауызсудың микробиологиялық көрсеткіштеріне 221 сынама алды, зерттеу нәтижесінде 17 сынама гигиеналық нормативтерге сәйкес келмеді. Санитариялық-химиялық көрсеткіштерге 220 сынама зерттелді, сәйкессіздіктер 10 сынамада анықталды

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да ауызсу сапасы нашар ма?

Санитариялық-профилактикалық шаралар жасалып, қайта алынған зертханалық зерттеулерден кейін ауызсудың сынамалары гигиеналық нормативтерге сай болып шықты.

Тұрғындарды ауызсумен қамтамасыз етудің негізгі шарты – ауызсудың сапасы мен қауіпсіздігі, яғни микробиологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштер бойынша гигиеналық нормативтерге сәйкестігі.

Халыққа берілетін ауызсу сапасына бақылау сумен жабдықтау объектілерінде өндірістік бақылау ретінде және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы санитариялық-гигиеналық мониторинг арқылы қамтамасыз етіледі.

Су тасқыны кезеңінде ауызсудың қауіпсіздігіне ерекше бақылау жүргізіледі, бұл ауызсу сапасының уақытша маусымдық нашарлауының алдын алады.

Сумен қамтамасыз етуге жауапты ұйымдар су тасқыны кезеңінде ауызсудың микробтық ластану қаупін төмендету бойынша алдын алу іс-шараларын жүргізеді.

Облыс аумағында тұрғындар арасында су факторына байланысты инфекциялық аурулар тіркелген жоқ.

Следующая →
Тақырыптар: ШҚО СЭБД Ауыызсу Сапа