Мерзімі өткен өнім сатқан саудагер айыппұл арқалайды
2021 жылы және 2022 жылдың 4 айында ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдары сауда желісінде өнім қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу (өнімді тексеру мақсатында сатып алу) кезінде микробиологиялық көрсеткіштерге сәйкес келмейтін, жарамдылық мерзімі өткен және таңбалау бұзылған 23 аспаздық өнімнің сынамасын анықтады
Тексеру нәтижелері бойынша сатушыға ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы 1-бөлігі бойынша жарамдылық мерзімі өткен аспаздық өнімдерді сатқаны үшін 2 333 600 теңге сомасында 1 айыппұл салынды. Бұзушылықтарды жою туралы берілген нұсқамалардың қорытындысы бойынша объектілерде санитарлық күндер өткізілді, таңбалау бойынша қателіктер жөнге келтірілді, заттаңбалар ауыстырылды. 27 950 тг сомасына 27,98 кг аспаздық өнім сатылымнан алынды.
Аспаздық өнімдер жеуге дайын және толық дайындалған, бірақ қыздыру сияқты қосымша өңдеуді қажет етеді. Пайдаланылатын шикізатқа байланысты аспаздық өнімдер ет, құс, балық, көкөніс, жарма, бұршақ, сүзбе және ұн болып бөлінеді. Термиялық өңдеу әдісі бойынша (қайнатылған, буланған, бұқтырылған, қуырылған, пісірілген, тез мұздатылған) тез мұздатылған аспаздық өнімдер соңғы уақытта көп тапсырысқа ие. Жылдам мұздатудың арқасында өнім өзінің бастапқы қасиеттерін жоғалтпайды және ұзақ уақыт (6 айға дейін) мұздатылған күйде сақталуы мүмкін.
Эпидемиологтар өндірушілер өнім дүкеннен кері қайтып келмесі үшін шығарылған күнін, жарамдылық мерзімін көрсетпей қоятынын ескертеді. Тамақ өнімдерін дайындаушының атауы және орналасқан жері де (өндірістің мекенжайы) көрсетілмейді. Сауда нүктелеріне ілеспе құжаттарды (сапалы куәлік) ұсынбайды.
Жарамдылық мерзімі өткен өнімдерді пайдалану тамақтан улануға әкелуі мүмкін және денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін, - деп ескертеді санитар-эпидемиологтар. - Сондықтан сауда объектілерінде сатылатын аспаздық өнімдерді сатып алғанда, сыртқы түріне, түсіне, иісіне, консистенциясына, сақтау шарттарына және ілеспе құжаттардың болуына назар аудару қажет. Буып-түйілген аспаздық өнімдерді (хот-догтар, Бургерлер, пицца, снектер және т.б.) сатып алу кезінде дайындалған күнін, жарамдылық мерзімдерін, сақтау шарттарын, қаптаманың бүтіндігін көрсете отырып, таңбалаудың болуына да назар аудару қажет. Сондай-ақ, аспаздық өнімдердің жарамдылық мерзімін сатушының сөзінен емес, сапалы куәлік арқылы біліңіз.
ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұтынушыларға жарамдылық мерзімі өткен өнімді өткізу кезінде немесе санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарының қадағалауындағы өнімдерде басқа да бұзушылықтар анықталған жағдайда аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына немесе тікелей ШҚО СЭБ департаментіне шағыммен жүгіне алатынын ескертеді.