Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Референдум: Халықты жер, тіл, зейнетақы сияқты мәселелер көп қызықтырады

Шығыс Қазақстан облысында қалалар мен аудандардағы қоғамдық штабтардың мүшелері облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарында референдум өткізуді қолдау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Қоғам белсенділері ШҚО Кәсіпкерлер палатасы филиалдарының директорларымен бірге Семей қаласы мен Зайсан ауданында ерекше белсенділік танытты

Усть-Каменогорск и ВКО / Референдум: Халықты жер, тіл, зейнетақы сияқты мәселелер көп қызықтырады

Шығыс Қазақстан облысының қоғам белсенділері мен Кәсіпкерлер палатасы филиалдарының өкілдері өңір тұрғындарын 2022 жылғы 5 маусымдағы бүкілхалықтық референдумнан тыс қалмауға шақырады.

Семей қаласында қалалық қоғамдық штабтың кәсіпкерлер, еңбек ұжымдары және жастармен күн сайын кездесулері өтіп жатыр.

Біз ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Оның барысында референдумның мақсаттары мен міндеттерін түсіндіреміз, еліміздің Ата Заңына ұсынылған өзгерістер туралы айтып, азаматтардың сұрақтарына жауап береміз. Алдағы дауыс берудің барлық қыр-сырын бірге талқылаймыз. Жалпы, кездесулер халық тарапынан жылы қабылданып, жалпыұлттық референдумға қатысудың маңызын түсінумен өтіп жатыр, – дейді ШҚО Кәсіпкерлер палатасы Семей қаласы филиалының директоры Әлия Жүрсімбаева.

«Атамекен» өкілінің айтуынша, кездесуге қатысушылар жер қойнауына қатысты ұсынылған түзетулерге қызығушылық танытып отыр. Атап айтқанда, жердің халыққа тиесілі екенін тұрғындар қалай байқайды әрі бұл жұмыс қандай құралдардың көмегімен іске асырылатынына қатысты сұрақтар болды. Сондай-ақ, Семей азаматтары мемлекеттік тілдің мәртебесін анықтауға қызығушылық танытып, зейнет жасын төмендету тақырыбын көтерді.

Семейдегі кездесулер Семей қаласының қоғамдық кеңесі, қаланың жастар активі, «Северный» сауда-логистикалық орталығының кәсіпкерлері, «Qazaq astyq group» ЖШС, «СемАз» ЖШС, ASED ШҚ, «Роза киіз басу комбинаты» ЖШС, «Ақ ұлпа аналары» ҚБ еңбек ұжымдары, Әлихан Бөкейхан университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы, №6 мектеп-гимназиясының еңбек ұжымы, Семей қаласының 18 мектебінің оқушылары, Шүлбі кенті және Новобаженов ауылдық округінің тұрғындарымен өтті. Семей штабы барлығы 18 кездесу өткізуді жоспарлап отыр.

Референдум сияқты демократиялық институтты қолдану орынды. Ата Заңға енгізілген түзетулер елдің болашағына айтарлықтай оң әсер етеді. Конституциялық реформа жалпыұлттық сипатқа ие, ол жаңа мемлекеттік модельді қалайды. Сондай-ақ, ұсынылған түзетулер азаматтардың конституциялық құқығын қорғау механизмдеріне қатысты болады. Конституциялық соттың құрылуы, оған азаматтардың, Бас прокурор және адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жүгіну мүмкіндігі қазақстандықтардың құқығы мен мүддесінің сақталуын едәуір күшейтуге мүмкіндік береді, – деп санайды Әлия Жүрсімбаева.

Зайсан ауданында да белсенді түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Онда ШҚО кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры Қанат Әбдіғалиев аудан кәсіпкерлерімен Зайсан қаласының бизнес орталықтары, «Жібек Жолы», «Бига», «РусДин», «Сымбат», «Алматау», «Технодом», «Рахат», «Сәлем» және «Адем» сауда үйлері «СМУ Шығыс» ЖШС, «Қазпошта» АҚ аудандық бөлімшесі, Зайсан технологиялық колледжі, Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебі, аудандық аурухана және орталық кітапхана ұжымдарымен ҚР Конституциясының ұсынылған жаңа редакциясын талқылады.

Референдум әркімге өз позициясын ашық айтуға мүмкіндік береді. Мұны мен Зайсан ауданының кәсіпкерлері мен еңбек ұжымдарына жеткізуге тырыстым. Ата заңға енгізілетін өзгерістер туралы түсініктеме бердім, қолданыстағы және жаңа редакцияларды баяндап оқыдым, барлық толғандыратын сұрақтарға жауап бердім. Барша азаматтарды міндетті түрде референдумға қатысуға және болашаққа өз үлесін қосуға шақырдым. Айта кету керек, кәсіпкерлер референдумға қатысуға дайын екенің көрсетті, ешкім бей-жай қалмады, – дейді Қанат Әбдіғалиев.

Жарма ауданында ШҚО кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры аудандық штаб мүшелерімен бірге Шар қаласының кәсіпкерлері, «Қаражал» шаруа қожалығының қызметкерлері, Салқынтөбе ауылының тұрғындарына түсіндіру жұмыстарына қатысты. Риддер қаласындағы филиал директоры шағын және орта бизнес субъектілері және №12 орта мектеп ұжымымен кездесті. Үржар аудандық филиалдың директоры Ақжар ауылдық округіндегі мәдениет үйінің ұжымымен кездесуге қатысып, штаб мүшелерімен бірге аудан аумағында орналасқан кәсіпкерлік нысандарын аралады. Аягөз ауданында филиал қызметкерлері «Береке» МКҰ» ЖШС қызметкерлері, Катонқарағай ауданында – «Бура» сауда орталығының кәсіпкерлері, Көкпекті ауданында – сауда үйлерінің бутиктерін жалға алушылармен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Кездесулер барысында «Атамекена» өкілдері Ата заңға супер-президенттік модельден президенттік модельге түпкілікті көшу; Президент, Парламент, Үкімет арасында билік өкілеттіктерін қайта бөлу; Парламенттің рөлі мен мәртебесін өзгерту; азаматтардың елді басқаруға қатысуын қатысуын кеңейту сияқты маңызды түзетулер туралы айтты. Республикалық референдумның арқасында конституциялық өзгерістерді қабылдау тікелей бүкілхалықтық дауыс беру арқылы жүзеге асырылатын болады.

Шығыстық кәчіпкерлік қоғамдастығы ҚР Президенті ұсынған конституциялық түзетулерді оң қабылдап жатыр. Барлығы 33 бапқа өзгеріс енгізілмек. Атап айтқанда әкімдерді сайлау, суперперзиденттік биліктен кету. Мәслихаттарға халық өкілдері ретінде үлкен мүмкіндік беріледі. Бұл өзгерістер біз халық ретінде мемлекетімізді басқарудың барлық реформасына қатысатынымызды көрсетеді, – деп түсіндірді Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің ШҚО бойынша өкілі Әлия Мұқашева.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы Шығыс Қазақстан облысының әрбір азаматын 2022 жылғы 5 маусымда сайлау учаскесіне келіп, өз елінің болашағы үшін дауыс беруге шақырады.



Следующая →