Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ревакцинация науқаны жалғасуда

Шығыс Қазақстан облысы тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина-профилактикалық шаралар қарқынды жүргізілуде

Усть-Каменогорск и ВКО / Ревакцинация науқаны жалғасуда

Ревакцинацияның арқасында облыс тұрғындары арасында тіркеліп жатқан жағдайлар жоқ және эпидемиологиялық жағдай тұрақты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. 

Облыста 2022 жылдың басынан бастап COVID-19-дың 9324 жағдайы (симптоммен – 7995, симптомсыз – 1329) анықталды (қаңтар – 6426, ақпан – 2713, наурыз – 156, сәуір – 27). 100 мың тұрғынға шаққанда аурушаңдық көрсеткіші – 686,6 құрап отыр. Ал 1 мамырдан бастап бүгінгі күнге дейін коронавирустық инфекцияның тек 2 жағдайы анықталды. 

 Тұрғындар санымен шаққанда облыста КВИ-ге қарсы вакцинациялаудың бірінші және екінші компонентімен қамту бойынша 100% орындалды. 

12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер, жүкті әйелдер мен емізетін аналар арасында Pfizer вакцинасының 1-компонентімен 109 214 адам егілсе (91,5%), 2-компонентін 106 924 адам алған (89,6%). 2022 жылғы 30 мамырдағы соңғы мәліметтерге сәйкес облыста 685 013 (92,8%) коронавирусқа қарсы ревакцинациядан (үшінші бустерлік доза) өтті. Ревакцинация жүргізу коронавирустық инфекцияға қарсы иммунитеттің қалыптасуына әсер етеді, - деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінде. 

 2022 жылғы 23 мамырда Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясы жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» №25 қаулысы шықты. 

Осы қаулыға сәйкес келесі өзгертулер енгізілді:

 - Қазақстанның аумағында 3 және одан да көп ай тұратын шетел азаматтарын қоса алғанда, барлық адамдар КВИ-ге қарсы ревакцинацияға жатады. 

КВИ-ге қарсы ревакцинация КВИ-ге қарсы алдыңғы профилактикалық екпеден кейін 6 ай аралықпен КВИ-ге қарсы вакцинацияның толық курсын және бұрын  бірінші ревакцинацияны алған адамдарға жүргізіледі. 

- КВИ-ді жұқтыру қаупі жоғары (басымдылығы бойынша) мына адамдар КВИ-ге қарсы қайта ревакцинациялауға жатады: - медицина қызметкерлері; 

- медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті мен персоналы; 

- күш құрылымдарының қызметкерлері; 

- педагогтар; 

- пенитенциарлық (қылмыстық-атқару) жүйе мекемелерінің контингенті; 

- 50 жастан асқан адамдар.

 Қаулы 2022 жылдың 25 мамырынан бастап күшіне енді. 

29 мамырдағы жағдай бойынша облыста барлығы 406 адам 4-ші ревакцинациядан өтті, жоспар бойынша 34 289 адам өтуі қажет.

Өркениетті елдер арасында қайта ревакцинациялау COVID-19 айналымындағы және жаңа штамдарымен күресудің тиімді шараларының бірі ретінде танылды. 

Қазіргі уақытта КВИ-ға қарсы 4-ші ревакцинацияны келесі елдер жүргізеді: Нидерланд, Германия, Австрия, Австралия, Греция, Израиль, Италия, АҚШ, Польша, Жапония, Ұлыбритания, Канада, Сауд Арабиясы, Бельгия, Венгрия, Малайзия, Испания, Сингапур, Португалия, Швеция, Оңтүстік Корея. 

ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті облыс тұрғындарын COVID-19-ға қарсы вакцина алуға шақырады, соның салдарынан біз бәріміз қалыпты бұрынғы өмірге орала аламыз. Вакцинацияның мақсаты – КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандырып, ұжымдық иммунитетті қамтамасыз ету. 

Айта кету керек, бүгінде облыс бойынша келесі вакциналар қолжетімді: QazVac, Sinopharm, Pfizer.


Следующая →