Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Неке шарты - уақыт талабы ма?

Қазіргі жастар шаңырақ көтерерде неке шартын жасасатын әдет шығарған. Бұл да батыстан жеткен үрдіс. Үй болмай жатып, ажырасу туралы ой салатын өзгенің қаңсығы бізге қажет пе?

Усть-Каменогорск и ВКО / Неке шарты - уақыт талабы ма?
Фото:
редакция мұрағатынан

Халқымызда "Отан - отбасынан басталады" деген тамаша сөз бар. Қазақ қашаннан шаңырағының шайқалмауын тілеген ұлт. "Шаңырағың биік, керегең кең, босағаң берік болсын" деген тілек жастар отау тіккенде міндетті түрде айтылады. Бұл жай ғана тілек емес, оның астарында отбасын берік ету арқылы мемлекеттің мығым болуына үлес қосуға үндеу жатыр. Алайда сол отбасы құндылықтарын дәріптемей, кез келген дүниені сылтау етіп, заңды некені бұзуға бейім тұратындар саны көбейіп барады. Сонымен қатар, ерлі-зайыптылардың ортақ мүліктерін бөлу жөніндегі істер де көптеп кезеседі.

Құр уәде емес, құжат сөйлейтін заман

Неке шарты немесе неке келісімшарты - Қазақстанда соңғы кездері танымал бола бастаған, бұрын-соңды болмаған беймәлім құбылыс. Неке шарты ерікті шешім, оны жасасуға немесе бас тартуға ешкім міндеттемейді. Неке келісімшарты ажырасудың себебі болуы мүмкін деген жалған сенімнен бас тартқан жөн. Осы орайда қаламыздың тұрғыны Назым Нысанова тұрмысқа шықпас бұрын ата-анасының кеңесін ескере отырып, болашақ жарымен неке шартын жасауға шешім қабылдаған. Осылайша екі тараптың келісімімен тиісті құжаттарға қол қойып, неке шартын бекіткен.

Мен заңгерлер отбасында дүниеге келдім. Сол себепті тұрмысқа шығар алдында осындай шешімге келдім. Сөздің шыны керек, біздің менталитетімізге жат болған соң, жолдасым бірден келіскен жоқ. "Неге олай істейміз? Сен менімен ажырасу жайлы ойың бар ма?" деген сұрақтар болды. Бірақ оған дұрыстап оқытып, шарт не үшін жасалады деген сұрақтарға жауап беріп түсіндірген соң жолдасым келісті, - дейді Назым Нысанова.

Неке шартына отыру ерікті түрде жүзеге асады. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, көп жағдайда осы келісімнің арқасында ерлі-зайыптылар отбасын сақтап қалады екен. Қазір елімізде бұл құжатты кез келген нотариуста 30 460 теңгеге жасатып алуға болады.

Неке шартын жасау үшін ерлі-зайыптылар неке қию туралы куәлігін немесе АХАТ-қа жолдаған арыз-өтінішін алып келеді. Өздерімен бірге жеке куәлігін және жылжымайтын мүлік немесе автокөліктері болса, солардың құжаттарын және құқықтарын танытатын құжаттарды да алып келу керек. Неке шартын құру кезінде ерлі-зайыптылардың өздерінің айтуымен кімге қай мүлік қалатынын белгілеп береміз, - дейді нотариус Назгүл Жолдағұлова.

Неке шартын тараптардың бірлескен шешімімен кез келген уақытта өзгертуге немесе бұзуға болады. Ол үшін нотариустың қызметіне жүгінсеңіз жеткілікті. Басты талап құжат рәсімдеуге ерлі-зайыптылардың екеуі де қатысуы керек. Ал келісім-шартқа отырғаннан кейін қос тарап ондағы талаптарды орындаудан бас тарта аламайды.

Неке шартында ерлі-зайыптылар бір-бірінің жеке басына шектеу қоя алмайды. Мәселен, күйеуі әйеліне жұмыс істемейсің деп немесе әйелі күйеуіне жеке басының іс-әрекет қабілеттілігін шектейтін талаптар қоя алмайды. Бұл тек қана мүлікке қатысты шарт болып табылады, - дейді нотариус Назгүл Жолдағұлова.

Мамандардың айтуынша, некеге дейін мүлік ерлі-зайыптылардың әрқайсысының жеке меншігі. Келісім шарт жасалғаннан кейін кез келген мүлік заңдастырылады.

Некеде алынған заттар ортақ мүлік болып табылады. Шартта жеке меншік құқығын бекітіп алуға болады. Мәселен, әйелінің атына алынған дүние тек қана әйелінікі. Солай ері де айта алады. Сол себепті шартты үлестік меншік немесе жеке меншік режімге бекітуге болады, - дейді нотариус Назгүл Жолдағұлова.

Айта кету керек, егер неке шарты ерлі-зайыптылардың біріне қолайсыз болса, сот бұл құжатты толығымен немесе ішнара жарамсыз деп тануы мүмкін. Мұндай жағдайда неке шартындағы кейбір тармақтар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің нормаларына сәйкес реттеледі.

Сертіне берік қазақта қағаз шарты болмаған

Отбасын құрып, шаңырақ көтеру - адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі. Оның шарттары мен талаптары заң жүзінде ғана емес, дін негізінде де дұрыс орындалғаны абзал.

Құран Кәрімде некелесуді әмір етеді. Мұхаммед пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадистерінде: "Некелесіңдер, көбейіңдер! Қиямет күні мен сендердің көп екендіктеріңмен мақтанамын" және "Неке қию - менің сүннетім. Сүннетімді тәрк еткен адам менен емес" делінеді. Шариғатта үйлену мен неке қиюдың бірнеше шарты қаралған. Неке қияр кезде, үйленгеннен кейін де еркек пен әйелдің хақысы турасында толық айтылған. Алайда соңғы кездері қоғамда шариғаттың шарттарын ойыншық қылып немесе қазаққа жат қылықтарға барып жатқан отбасыларды көріп жүрміз.

Неке шарты деген ол батыс-тан келген үрдіс. Шариғат бойынша некенің өзіндік шарттары мен міндеттемелері бар. Ер адамның әйелінің алдындағы сондай-ақ әйел адамның ерінің алдындағы Алла тағаланың белгілеген міндеттері бар. Бұл міндеттердің сыртында абзал болған нәрселер бар. Мәселен, ер адам әйелін материалдық жағынан асырауға міндетті. Ал әйел адамның ерінің алдындағы міндетіне бойсыну кіреді. Ол күң болып кету деген сөз емес. Міне, бұлар шариғи міндеттер болып табылады. Ал неке шарты егер ерлі-зайыптылардың шариғи міндеттерін міндетті қылмай немесе шариғат бекітпеген міндеттерді бекітіп тастап, отбасы жағдайын қиындатып жіберетіндей деңгейге апаратын шарттар болса, ондай дүние исламаға қарсы. Неке шарты көбінесе дүние-мүлікті бөлісу үшін жасалады. Былайша айтқанда, есеппен үйлену болып есептеліп кетеді. Ол шариғатқа қарсы. Ең бастысы: екі адамның бір-біріне деген міндеттері қарама-қайшы болмауы керек. Шариғи тұрғыда шариғатқа қарсы және адами тұрғыда логикаға қарсы болмауы керек, - дейді ШҚО Халифа Алтай облыстық мешітінің наиб имамы Қанат Дауылбаев.


Следующая →