Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ұлттық ұлан сарбаздары ата-аналарымен видеобайланыс арқылы тілдесті

Әскери бөлімдерде сарбаздар мен ата-аналар арасында бейне байланыс жасалды. Отан алдындағы борышын өтеп жүрген ұландар өз жақындарымен Skype, Whats App желілері арқылы жүздесіп, тілдесті

Усть-Каменогорск и ВКО / Ұлттық ұлан сарбаздары ата-аналарымен видеобайланыс арқылы тілдесті
Фото:
"Шығыс"өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен

Қос тарап бір-бірін көріп, жаңалықтарымен бөлісіп, қуанысты. Жауынгерлердің бірі әскери қызметі, далалық жаттығулар жайлы айтса, бірі достары туралы айтып, сырттай таныстырғанын айтады.

Анам хабарласатынымды білген жоқ. Қатты қуанғанына өзім де қуандым. Кіші бауырым мені формада көріп қызығып жатыр. “Мен де өскенде әскерге барамын” дейді. Осылай амандық-саулық сұрасқанда, сағыныш басылып, сергіп қаламыз, - дейді 5518 әскери бөлімінің сарбазы қатардағы Нұржан Есенгелді.


Тікелей бейне байланыстан бөлек, сарбаздар әскери бөлімнің мәдени орталығына жиналып, мамыр айында дүниеге келген жауынгерлерге жақындарының туған күнмен құттықтап жолдаған сәлемдемелері мен тілек-жолдаулары көрсетілді.

Бұл шараның мақсаты - ата-аналарға ұлдары қызмет етіп жатқан бөліністі көрсету, сарбаздардың тұрмым жағдайы мее қызметін өз ауыздарынан естуге мүмкіндік жасау, қуанту. Қазір әскери бөлімімізде 300-ге жуық жауынгер әскери борышын өтеп жүр. Олар күн сайын Өскемен қаласының қоғамдық тәртібін қамтамасыз етеді. Тікелей байланысқа 2 жедел мақсаттағы ротадан 50-ден аса сарбаз қатысты, - дейді жедел мақсаттағы батальон командирінің тәрбие дәне әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары аға лейтенант Мейіржан Исақов.

   

Екінші тарап та ұлдарының есейгенін, олармен мақтанатынын айтып командирлерге алғыс білдірді.

Следующая →