Глубокое ауданы мәслихатының депутаты тұрғындармен бірге 47 түп қарағай отырғызды
Алтай кентінің тұрғындары мобильді қоғамдық қабылдау кезінде ауылды көгалдандыруды сұраған болатын
Сөзбен айтылған іспен дәлелденуі керек, - дейді аудандық мәслихаттық халық қалаусылысы Қуаныш Рахимов.
Алтай кентінің тұрғындары AMANAT партиясының мобильді қоғамдық қабылдауы кезінде ауылдағы саябақта тал жоқтығына шағымданған. Тұрғындарға балаларымен қыдыратын жер жоқ. 20 мамыр күні депутат Қуаныш Рахимов қол ұшын созған белсенділермен бірге "Алтай" паркінде 47 қарағай отырғызды.
Бастысы ағаштарға күтім жасау, - деп атап өтті халық қалаулысы. - Біз бақшаның уақтылы суарылып отыруын қадағалайтын боламыс, демалыс орнын әрі қарай да абаттандыру жұмыстарын жалғастырамыз.