Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Зайсаннан Қытайға жіберілетін газ экспорты уақытша тоқтатылды

Қытаймен шекаралас жатқан Зайсан ауданының тұрғындары аспан асты еліне көгілдір отын экспортының қайта жандануына наразы

Усть-Каменогорск и ВКО / Зайсаннан Қытайға жіберілетін газ экспорты уақытша тоқтатылды

Зайсан ауданында газ мәселесі ушықты. Жақында аудан тұрғындары Зайсан қаласындағы Мәдениет үйіне жиналды. Жиынға елордадан арнайы келген Энергетика министрлігі, газ өнірумен шұғылданатын "Тарбағатай Мұнай" ЖШС мен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің өкілдері халықтың талап-тілегіне құлақ аспақ. Өңір халқы билік өкілдерінен көгілдір отынның көрші елге тасымалдануын тоқтатуды талап етуде. Тұрғындар газ қоры таусылып қала ма деп алаңдаулы. Айта кету керек, 2021 жылдың желтоқсанында Қытайға көгілдір отын экспорты толық тоқтатылған еді. Алайда осы жылдың 28 сәуірінде қайта жаңартылған болатын. Бұл жағдай тұрғындардың наразылығын тудырды. Талаптары ортақ: Қытайға газ экспортын тоқтату. Айтуларынша, онсыз да қалған қор көп емес. Кем дегенде 9 жылға жететін ғана мөлшер бар.

Он жыл бойы біздің газ сонда кетеді. Ауданның барлық ауылдары газбен жабдықталмаған. Көгілдір отынмен қамтамасыз ететін елді мекендер өзімізде де жетеді. Осы жылдар ішінде компания аудан экономикасына бірде-бір теңге салмаған, бірде-бір ағаш отырғызбаған. Халық "Тарбағатай Мұнай" газ өндіру компаниясы туралы, қанша газ берілетінін, олардың қандай кірісі бар екенін, жергілікті бюджет қанша пайдасы бар екенін білмейді. Жер қойнауы бізге тиесілі және біз газ экспортын тоқтатуды, газ өндіретін компанияның қызметін, биліктің жоғары өкілдерін тексеруді және бізге сенімді және толық ақпарат беруді талап етеміз, - дейді аудан тұрғындары.

Шығыстағы газ өндіретін жалғыз аумақ - Сарыбұлақ кен орны. Биыл мамырдың басына дейін мұнда 3,5 миллиард текше метр газ өндіріліпті. Қалған қор 1,5 миллиард текше метр ғана. Өндірілген газдың 95%-дан астамы яғни, 3 миллиард 200 миллион текше метрден астам газ Қытай еліне экспортталған. Қазір 300-400 миллион текше метр қор қалған. Ол сыртқа шығарылмаса, аудан халқына 11 жылға жетеді деген болжам жасалған. Ал жергілікті тұрғындар газ игерілген
8 жылдың ішінде оның жалпы 100 миллион текше метрін ғана қолданған. Жылдың басында газ экспорты толық тоқтатылды. Бірақ оны өндіріп келген "Тарбағатай Мұнай" газ компаниясы Үкіметтен тағы 150 миллион текше метрді Қытайға экспорттауға рұқсат сұраған. Министрлік сұрағанының тең жартысын беріп отыр. Сөйтіп, жақында қалған газ қайтадан экспорттала бастады. Ал газ өндіру компаниясының басшылығы: "Бұл шара шығынымызды жауып, қарызымызды өтеу үшін қажет", - деп отыр. Ал энергетика министрі халықтың тілегін ескеретінін айтты.

Газ экспортын Қытайға уақытша тоқтатты. Халықпен кездесу барысында комиссия құру керектігіне көзіміз жетті. Министрлік өкілдерімен қатар ол комиссияға жергілікті тұрғындар да кіреді. Егер олар қалай болса да тоқтатамыз десе, онда біз тоқтатамыз, - дейді министр Болат Ақшолақов.

Естеріңізге сала кетейік, Сарыбұлақ кен орнынан шығатын газбен жабдықтау жобасы 2013 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Бірақ толығымен аяқталған жоқ. Сонымен бірге, газ өндіруші компания билікке барланған газ қорларының жақында сарқылғаны туралы хабарлағаны белгілі болды, барлау бойынша қосымша жұмыстар жүргізілді. Аудан әкімінің орынбасары сол кезде үкімет газ экспортын 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап тоқтату туралы шешім қабылдағанын мәлімдеген. Сондай-ақ, облыс әкімі Даниал Ахметов "Тарбағатай Мұнай" ЖШС-на бірнеше жыл бұрын компания мен министрлік арасында қол қойылған келісімге қатысты көптеген сұрақтар мен шағымдар бар екенін хабарлады.

Кәсіпорын билікке ешқандай даму жоспары мен кепілдік бермейді, бірақ соңғы жеті жылда олар газ бағасын алты есеге көтерді. Сонымен қатар, бүгінде Сарыбұлақ кен орны қорының 88%-дан астамы Қытайға экспортталды, - дейді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Сонымен, 11 мамырда Қытайға газ экспорты уақытша тоқтатылды. Жиында қоғамдық комиссия құрылды. Көрші елге газ беру жалғаса ма, әлде осы күйі тыйыла ма? Оны осы комиссия анықтайтын болады. Ал жергілікті билік аудан халқы газсыз қалмайды деп сендіруде.


Следующая →