Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Маралды халқы жолды неге жапты, жүк көліктерін неге өткізбеді?

Күршім ауданындағы Маралды ауылының халқы алтын өндіретін фабриканың жұмысы ауыл тіршілігін күйретіп жібере ме деп алаңдап отыр. Себебі ауылға апаратын жалғыз көпірдің үстімен қатынайтын ауыр техника аспалы көпірді қиратып жіберген

Усть-Каменогорск и ВКО / Маралды халқы жолды неге жапты, жүк көліктерін неге өткізбеді?

Күршім ауданындағы Маралды ауылында салынып жатқан алтын өңдіретін фабрика біршама адамның жұмыспен қамтылуына негіз болғаны рас. Десе де Маралды ауылына апаратын аспалы көпірді басып өтетін ауыр жүк көліктері жыл он екі ай күндіз-түні ауыл ішімен өтіп, ауылдық округке кіреберістегі жолды әбден тоздырып, жолдың тас-талқанын шығарып жіберген. Сол себепті маралдылықтар алтын өндіру фабрикасының құрылысына қарсы. Тұрғындар ұзақ жыл күткен асфальт төселгелі ауылдың кіреберісіне блокбекеттер қойып және жалғыз көпірді қиратпас үшін компанияның ауыр жүк көліктерінің жүруіне кедергі келтірген. Тіпті топ болып күзетуге кіріскен.

Ауыр техникалар ауылға апаратын жалғыз көпіріміздің тас-талқанын шығарды. Тіпті ауыл ішінде ештеңеге қарамай жүйткіп жүреді. Жалпы тұрғындар болып ауыр техникалардың жүруіне де, алтын қазатын компанияға да қарсымыз. Жөндеу көрген жолдың қазіргі жағдайы мәз емес. Жырық тесікті айналып өтіп шаршадық, - дейді Маралды ауылының тұрғыны Сәбит Нұрханов.

Кішігірім көшелерден ауыр жүк көліктері өткен сайын жол тоза бастаған. Ауыл белсенділері бұл жайлы қанша айтса да, құлақ асар ешкім жоқ. Ауылдың жалғыз көпірінің де жағдайы мәз емес. Ауыл тұрғындары жалғыз көпірімізден айырылып қаламыз ба деп алаңдаулы. Бір жағында тұрғындар, екіншісінде жүргізушілер болып бөлінген қос тарап күн сайын жанжалдасады. Бүгінде бірі көпірмен "өтеміз" десе, екіншісі "өткізбейміз" деп, қос тарап жаппай жанжалдасып тынды.

Жол ауыр. Қанша жылдан бері өтіп жүрген жолымыз. Ауылға апаратын басқа жол да жоқ. Біз заңсыз ештеңе істеп жүрген жоқпыз. Бәрі заң жүзінде. Рұқсат қағаздарымыз да бар, - дейді ауыр жүк көлігінің жүргізушісі Ерлан Манапов.

Көптің арасында қызу талқыға салынған бойда ауыл әкімі Досым Алтайұлы оқиға орнына жеткен. Оның сөзінше, аталған жолға және оны күтіп-ұстауға "ОблШығысЖол" ЖШС-ның мекемесі жауапты.

Әлеуметтік желіде Маралды тасжолының жағдайы мен алтын өңдейтін компания қызметкерлерінің арасындағы жағдайы қызу талқыға түскенін көрдім. Осыған орай аталған тасжолдың жағдайы бойынша Күршім ауданы мен Маралды ауылдық округтерінің жергілікті қауымдастық өкілдерімен бірлесіп, "ОблШығысЖол" ЖШС мамандарымен және "MARALIKHA-GOLD" ЖШС тау-кен компаниясы өкілдерімен жолықтық. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан келіп түскен шағымдарды ескере отырып, бір келісімге келгендей болдық. Ең бірінші мәселе - жол мәселесі болған, ол "ОблШығысЖол" ЖШС-ның қарамағында. Жол ортақ ешкімнің меншігі емес. Ауылға апаратын жалғыз жол болған соң ол жолмен кім өтсе де өзі біледі. Ал өтіп жүрген үлкен жүк көліктерінің бәрінде арнайы рұқсат қағаздары бар. Ешкім тосқауыл болуға құқы жоқ. Екінші мәселе - ол ауылға алтын өндіру фабрикасын салу болатын. Қазіргі таңда ШҚО Экология департаментінің шешімін күтіп отырмыз. Департаменттен рұқсат қағаз келген соң оны министрлікке жолдаймыз. Егер олар құптап, рұқсаттарын берсе, қоғамдық тыңдауға саламыз. Яғни, бәрі заң жүзінде өтеді, - дейді Маралды ауылының әкімі Досым Алтайұлы.

Ауыл әкімінің сөзіне сенсек, ауылдағы екі бірдей мәселенің шешімі маусым айының ортасына дейін шешілетін сыңайлы.

Следующая →