Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Zakon.kz

ҚР Энергетика министрлігі "ақ" майнерлердің жұмысына рұқсат етті

"Ақ майнерлер" кешеден бері электр жүйесіне қайта қосылып, жұмыстарын жандандыруға мүмкіндік алған

Новости Казахстана / Экономика в Казахстане / "Белым" майнерам дали зеленый свет в Минэнерго РК
Фото:
pixabay

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарымен кездесуінде Энергетика министрі Болат Ақшолақов «ақ» майнерлер» санатына жататын заңды майнингпен айналысушы кәсіпорындардың кешеден бастап жұмыстарын қайта жандандыруға рұқсат алғанын атап өтті.

Министр бұл мәліметті кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген кезде де растады.

Біз бұған дейін «ақ майнерге» ресми тіркелген компаниялар жатуы керек деген болатынбыз, естеріңізде шығар. Ондай кәсіпорындар салық төлеуші болып есептеледі. Ең бастысы, олар өздері сатып алған, тікелей меншігіндегі қондырғыларды пайдаланады. Яғни, майнингпен айналысуға қажет қондырғылары кедендік рәсімдеуден өткен, алым-салығы төленген болуы шарт. Осы талапқа сай болса, қолда бар мүмкіндіктер шегінде электр тұтынуын қарастыруға болады. Бірақ тағы да айтамын, егер электр жүйесі тапшылық сезетіндей жағдай туындаса, оларды бірден ажыратамыз. Менің білуімше «ақ майнерлер» кешеден бері жұмыс істеп бастады, - деді Болат Ақшолақов.

Аталмыш кездесуде Энергетика министрі майнинг фермаларды ұлттық электр жүйесінен бөліп тастауды ұсынды.

Следующая →