Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Самардағы "Бір қабатты шығыстың" үйлері де оңып тұрған жоқ

Көпбалалы отбасы едені түсіп кеткен, есік алды шұңқыр үйден бас тартуға мәжбүр. Олай болса үй кезегіне қайта тіркеліп, тағы бірнеше жыл күтуі керек

Усть-Каменогорск и ВКО / Самардағы "Бір қабатты шығыстың" үйлері де оңып тұрған жоқ

Осыдан 2-3 жыл бұрын шығыс аймақтың әкімі Даниал Ахметовтің бастамасымен "Бір қабатты шығыс" деген атағы дардай бағдарлама дайындалған болатын. Соның аясында шығыс шаһарларында көпқабатты тұрғын үйлер мен әрбір аудан орталығында екі пәтерлі, бір қабатты жер үйлер жапырлап салына бастады. Жер үйлер алдымен көпбалалы аналар мен жетім-жесірлерге, аз қамтылған асыраушысы жоқ отбасылар мен әлеуметтік жағдайы төмен, баспанаға мұқтаж жандарға берілетін болып, алды қоныстанып, кіріп те үлгерді. Алайда бұл үйлердің сапасы кейінгі екі жыл өтпей жатып сыр бере бастады.

Мәселен, аталмыш бағдарлама бойынша Зайсан, Күршім аудандарында салынған бір қабатты үйлерден шыққан ақаулар туралы біздің басылым да бірнеше мәрте жазды.

"Самардағы үйлер қалай болса солай салынған"

Акимжановтар отбасы көпбалалы жанұя. Айгүл Акимжанова - Самар ауылындағы Болғанбаев орта мектебінің тәлімгері. Баспана алу үшін талай жылдан бері кезекте тұрып, ақыры 2021 жылдың желтоқсанында оған өзі тұратын ауылда "Бір қабатты шығыс" бағдарламасы бойынша салынған үш бөлмелі пәтердің кілті табысталды. Жаңа үй аламыз деген отбасының қуанышында шек болмады. Тек қар еріп, көктем шығып, енді көшеміз дегенде берілген баспанаға барған соң, көңілдері күпті болды.

Біз әлі көшіп кірген жоқпыз. Қыстан бері пәтердің кілті қолымызда. Үйдің жаңа деген аты болмаса, сапасыз салынған. Бізден бұрын қоныстанған қасымыздағы көршімізден сұрап едік, қыста өте салқын болғанын, әрең жылитынын айтты. Есік алдына канализация құбырын жүргізген екен. Дұрыс тегістелмеген соң топырағы қопсып, дәл есіктің алды үңірейіп, үлкен шұңқыр болып жатыр. Мен мал ұстайтын адаммын. Ертең мына жерге монша, мал қора, отын қора салуым керек. Ал үйді біздің атымызға бірден жазып қоймайды екен, тек жалға береді. Ай сайын пәтерақы төлеу керек. Сонда маған пайдасынан гөрі шығыны көп болып тұр ғой, - дейді отағасы Озат Акимжанов.

Қасбеті жұлым-жұлым, едені жырым-жырым

"Облыс әкімінің арқасында, облыс басшысының тапсырмасымен" деп шығыстағы аудан әкімдері мақтауын асыратын үйлерді көру үшін Самар ауылына арнайы барып қайттық. Шынымен де, үйдің сыртын қаптап қойған жұқа материал желдің екпінінен жұлынып, арасы ашылып қалыпты. Ал үйге кіреберісі мен ішкі бөлмелерінің едені ортасына түсіп кеткенін көрдік. Жуынатын бөлмеден су ағып, дәлізге жайылған секілді.

Қазір шаруа адамы мен мектеп мұғалімі өзара келісіп, үкімет берген сапасы сын көтермейтін баспанадан бас тартып, үйді қайтарып беретінін мәлімдеп отыр.

Үйден бас тартқан соң, тағы бір келеңсіздікке тап болдық. Мені үйдің кезегінен автоматты түрде алып тастайды екен. Халыққа қызмет көрсету орталығына барсам, "сіздерге баспана берілген, бірақ өздеріңіз бас тарттыңыздар, енді қайта тіркеліп, кезекке тұрасыз" деп жауап берді, - дейді Айгүл Акимжанова.

Жағдайға қанығу үшін Самар ауылының әкіміне қоңырау шалдық.

Ол отбасының мәселесі маған мәлім. Әзірге берілген үйден бас тартып отырған жалғыз отбасы сол ғана. Бірақ Озат Акимжановтікінен басқа да сапасы сыр берген үйлер бар. Самар ауылына "Бір қабатты шығыс" бағдарламасының баспаналарын Қожамжаровтың мердігер компаниясы салып берген. Ол қазір жауапкершіліктен қашып жүр. Пәтерлерді тексеруші комиссия қабылдап қойған соң, кейіннен пайда болған ақауларды сол үйді салған құрылыс компаниясы қайтадан жөндеп бере ме, жоқ па, әзірге белгсіз, - дейді Самар ауылының әкімі Ахат Фазылұлы.

Енді Акимжановтар отбасының екі таңдауы бар. Бірі - не де болса үкімет берген үйді қабылдап, кем-кетігін өздері жөндеп алу. Екіншісі - пәтердің кілтін әкімдікке тапсырып, басқа жерден басқа баспана алу үшін кезекке жаңадан тұру.

Қалай дегенмен, бұл жағдайда бір ғана кінәлі тарап бар. Ол - үйлерді салушы мердігер компания. Егер тапсырылған баспаналар сапалы болса, онда мұндай дау-дамайлы әңгіме туындамас па еді, кім білсін?!


Следующая →