Өскемен
Қалың бұлтты
-2°
  • Өскемен
    -2°
  • Семей
    -2°
  • Алматы
    +2°
  • Риддер
    -7°
  • Астана
    -1°
  • Ақтөбе
    +2°
  • Ақтау
    +13°
  • Атырау
    +11°
  • Қарағанды
    -2°
  • Көкшетау
    +1°
  • Қостанай
  • Қызылорда
    +7°
  • Павлодар
  • Петропавловск
    -1°
  • Тараз
    +4°
  • Түркістан
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Шымкент
    +5°
$
491.68
+2.29
568.23
+0.24
¥
71.57
+0.29
6.2
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
tengrinews.kz

Жаңа оқу жылында мектептерде жаңа пән енгізіледі

Биылғы жаңа оқу жылында 1-сыныптан бастап «Еңбекке баулу» пәні қайта енгізіледі

Новости Казахстана / Общество в Казахстане / В предстоящем учебном году школьникам добавят новую дисциплину
Фото:
Устинка LIVE

Бұл туралы Сенаттағы жастарды қолдау тақырыбына арналған парламенттік тыңдауда Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлім етті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Еңбекке баулудың ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы зор екені белгілі. Сондықтан жаңа оқу жылында 1-сыныптан бастап «Еңбекке баулу» пәні қайта енгізіледі. Жоба ретінде мектептер жанында жылыжайлар ашу қолға алынады. Бүгіннің өзінде 7%-ға жуық мектепте бұл тәжірибе бар, - деді Ералы Тоғжанов.

Оның айтуынша, алғаш рет биылдан бастап мектептерде 7-сыныптан бастап болашақ мамандықты таңдауға бағыттайтын «педагог-кәсіптік бағдар беруші» маманы енгізіледі. Бұдан бұрын хабарланғандай, Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев барлық реформаның түпкі мақсаты да жастардың әл-ауқатын арттыруға әрі олардың дамуына жағдай жасауға арналғанын атап өтті . Сонымен қатар, ол университет бітірген түлектерге еңбек нарығында сұраныс жоқ екенін айтты.



Следующая →