Республикалық штаб мүшелері дәрігерлермен кездесті
AMANAT партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы өткізген жиында депутаттар «Ана мен бала» орталығының қызметкерлерімен кездесіп, алдағы болатын референдумның маңызын түсіндірді
Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаттары, AMANAT партиясының Республикалық партялық штабының мүшелері Зарина Камасова, Игорь Панченко, Ирина Унжакова Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жалпыхалықтық референдумның маңызы мен мәнін түсіндіру мақсатында Шығыс Қазақстан облыстық «Ана мен бала» орталығының дәрігерлерімен кездесті.
Біз бүгінге дейін Шығыс Қазақстан облысының бірнеше аудан, қалаларында болып, Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бойынша халыққа түсіндіріп, сұрақтарына жауап берудеміз. Кездесулер өткен жерде азаматтар тарапынан көптеген сұрақтар болды. Тұрғындар жалпыхалықтық референдумнан үлкен үміт күтетіндіктерін жеткізуде. Жалпы алғанда референдум мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстан» бастамасын жүзеге асырудың алғашқы баспалдағы болмақ. Бұдан былай саяси партия құрамында таңдау комиссиясының өкілдері мен мүшелері, конституциялық сот комиссиясының өкілдері болмауы тиіс. Яғни, таңдауға қатысты қабылданатын барлық шешімдер партия тарапынан барынша оңтайландырылады. AMANAT партиясы филиалдарының басшылығына әкімдер мен онлардың орынбасарлары тағайындала алмайды. Бұл норма жаңа Конституция күшіне енген сәтте іске асырылады, - дейді Республикалық штабтың мүшесі Ирина Унжакова.
Халық қалаулыларымен кездескен дәрігерлер Конститутцияға енгізілетін өзгерістерге байланысты өз ұсыныстарын да жеткізді.
Депутатардың өңірімізге арнайы келіп, референдумға байланысты Конституцияда болатын өзгерістердің мәні мен мағанасын жан жақты түсіндіріп бергендеріне өте ризамыз. Себебі интернет сайттардан оқыған кезде онша түсінбеген едік. Енді әрбір өзгеріс енетін тармақтарға қатысты толық ақпарат алдық және өз ұсыныстарымызды жеткіздік, - дейді Шығыс Қазақстан облыстық «Ана мен бала» орталығының дәрігері Серікбол Куркумбаев.
Дәрігерлер өзгертілген Конституцияда «Ұстаз мәртебесі» сияқты «Дәрігерлер мәртебесіне» қатысты норма болса деген ойларын да жеткізді.
Мемлекеттік басқару жүйесін өзгертіп, елдегі саяси ахуалға жаңа дем беретін Конституциялық референдум – жалпыхалықтық деңгейде алғаш өткізіледі. Бұл – «Халық үніне құлақ астан мемлекет» идеясының нақты жүзеге асуының дәлелі. Сонымен қатар, мажоритарлы сайлау жүйесінің енгізілуі – сайлаушылардың республикалық қана емес, жергілікті жердегі де мүддесін жіті қорғауға мүмкіндік туғызады, - дейді Республикалық штабтың мүшесі Зарина Камасова.
Жалпы AMANAT партиясының Респбликалық партиялық штабының мүшелері Шығыс Қазақстан облысының тек қана орталығында емес, шалғай ауылдары мен аудандарына да шығып, жалпыхалықтық референдум жайлы тұрғындарға түсіндіруде.