Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

М. Исаков: "Сарбаздарға басшы да, психолог та, дос та бола білу керек"

Отан алдындағы борышты өтеу - парыз. Ал бұл парызды әр сарбазға абыроймен атқаруға әскери қызметшілер көмектеседі

Усть-Каменогорск и ВКО /  М. Исаков: "Сарбаздарға басшы да, психолог та, дос та бола білу керек"

Сайдың серке тасындай қатар тізілген Ұлттық ұлан сарбаздарының жүрегін рухқа толтырып, бойындағы күш-жігерін Отанға деген сүйіспеншілікке бағыттап, олардың ата-анасының орнына қамқорлық танытып, тәулігіне 24 сағат тәртібін бақылайтын взовд командирлері болады. "Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты 5518 әскери бөлімінің аға лейтенанты Мейіржан Исаков әскери адам болуды бала күнінен армандапты.

Біріншіден, әскери мамандықты әкемнің себепкерлігімен таңдадым. Әкем мен үшін үлгі, мақтаныш, мен ерекше құрметтейтін жан. Екіншіден, менің атам Ұлы Отан соғысының ардагері, біздің бейбіт өміріміз үшін жанын қиюға дайын болған батыр. Үшінші, бұл менің өзімнің таңдауым. Жасыратыны жоқ, әскери қызметшілердің бірқатар әлеуметтік мәселелерін мемлекеттің өзі реттеп, шешіп береді. Өзімнің қатарластарымның арасында ата-анасына көмектескеннің орнына әлі де оң мен солың ажырата алмай, еркелеп, ата-анасына масыл болып жүргендер бар. Мен олардың қатарынан болғым келмеді, - деп атап өтті аға лейтенант Мейіржан Исаков.

9I3V2646.jpg

Петропавл қаласындағы Ұлттық ұланның Әскери институтының түлегі, өзінің еңбек жолын 2018 жылы осы әскери бөлімнің взвод командирі ретінде бастайды. Бүгінде - рота командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары лауазымында.

Ұлттық ұлан сарбаздарының қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, маңызы бар нысандарды, түзету мекемелерін күзету, арнайы ауқымды іс-шараларға, антитеррорлық операцияларға қатысу сияқты міндеттері бар. Біз бұл міндеттерді абыроймен атқаруды үйретеміз, - дейді аға лейтенант Мейіржан Исаков.

9I3V2681.jpg

Шығыс Қазақстанға келгелі ол 8 әскери шақыртылым сарбаздарына жауапты болды. Қазіргі таңда оның қарамағында 72 сарбаз, 15 келісімшарт бойынша әскери қызметші, 4 офицер бар.

Әскери адамның жұмысында тәртіп ең маңызды талаптардың бірі. Біздің сарбаздардың 3 түрлі күн тәртібі бар. Ішкі жауынгерлік қызмет сол тәртіптерді сақтау арқылы жүргізіледі, - деп атап өтті рота командирінің орынбасары.

9I3V2801.jpg

Әскери қызметкерлер таңғы сағат 7.00-де жұмысқа кіріседі. Мейіржан мырза ең алдымен сарбаздардың жеке гигиеналық тазалықтарын тексеріп шығады. Кейін сарбаздарда таңғы ас, таңғы жаттығу, саптық дайындық, ақпараттандыру жұмыстары рет-ретімен жалғаса береді.

Таңғы жалпы таралым деген болады. Бұл жерде бізді де, сарбаздарды да тексереді. Таңертеңгі таралымда біздің конспектілеріміз, планшеттеріміз, қажетті оқу-құралдарымыздың түгел болуы тексеріледі. Сарбаздардың да киім киістеріне мән беріледі, - дейді Мейіржан Бақытұлы.

9I3V2821.jpg

Кейін 5 негізгі пән бойынша сабақтар өтеді. Оның ішіне мемлекеттік-құқықтық дайындығы, кәсіби лауазымдық және тактика, атыс дайындығы, жарғы және мемлекеттік тіл пәндері кіреді. Түскі астан кейін сарбаздарға жеке демалыс уақыттары беріледі және кешке қарай өзіндік дайындық сабақтары өтеді екен.

Қоғамдық тәртіпті бақылайтын Ұлттық ұланның сарбаздары көпірден секірмек болған адамды құтқарған, іздеужарияланған және өзі адасып жүрген әжеге туған-туыстарын тауып беруге көмектескен, талай ірілі-ұсақты қылмыстарды құрықтаған. Ұлттық ұлан сарбаздары қала көшелерін барлау барысында қылмыс та едәуір азаяды екен.

Кез келген мамандықтың өзінің қиындығы болады. Тәртіпті басты орынға қоятын әскери өмірдің де өзіндік қиындықтары болатыны анық.

Әр қиындықтың артында өзінің жеңілдігі болады. Мысалы, жас офицер болып келген кезде біраз қиналдым. Себебі жас болып келдім, жеке құраммен жұмыс жүргізудегі тәжірибем жоқ еді. Бірақ уақыт өте келе үйрендім, қалыптастым, бір белесті артта қалдырдым, - дейді Мейіржан Бақытұлы. - Жұмысымдағы ең көп жауапкершілікті талап ететіні - бұл сарбаздар. Себебі біз адамдармен жұмыс істейміз. Олардың іштерінде қандай ой барын білмейміз. Әскерге келгенше олар еркіндікте жүреді және кемінде 3-4 ортаның тәрбиесін көреді. Яғни, ата-ананың тәрбиесі, мектептің тәрбиесі, көшедегі достар, колледж немесе университеттегі ортасы және кей жағдайда жұмыстағы ұжым. Осының барлығын өткеннен кейін ғана сарбаздар Отан алдындағы борыштарын, әскери міндеттерін өтеуге келеді. Әртүрлі қоғамның ықпалынан келген сарбазды әскери өмірге бейімдеу оңай емес.

Сондықтан сарбаздардың тәртібіне жауап беретін әскери қызметшілер сарбаздарға басшы да, сырлас дос та, психолог та бола білуі маңызды.

Ашық айту керек, қазір әлсіз ұрпақ өсіп келе жатыр. Қолдарынан телефондарын тастамайтын, үйден жыраққа шықпаған, өзінің ғана жайлылығын ойлайтын жігіттер сарбаздар қатарына қосылған кезде әскери өмірге біраз бейімделе алмай қиналады, үйлерін сағынады. Біз оларға барынша қолдау көрсетуге тырысамыз. Ата-аналары да тым уайымшыл келеді. Сондықтан қазір біз watsapp әлеуметтік желісі арқылы ата-аналармен кері байланыс орнатып, оларға балаларының жай-күйі жайлы үнемі хабар беріп отырамыз, - деді аға лейтенант Мейіржан Исаков.

Иә, қарыштаған технология заманы әскери өмірге де аяқ басып қойған екен. Бүгінгі сарбаздар қолға қалам алып, ата-аналарына хат жазбайды. Себебі демалыстарда сарбаздардың үйлерімен хабарласу уақыты бар. Яғни, видеоқоңырау шалып, қал-жағдайды білісуге рұқсат етілген.

Следующая →