Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да халық денсаулығы мен өміріне қауіпті өнімдер анықталды

Шығыс Қазақстан облысында 2022 жылғы 1-тоқсанда сауда объектілерінде жүргізілген өнім қауіпсіздігі мониторингісінің қорытындылары шығарылды

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да халық денсаулығы мен өміріне қауіпті өнімдер анықталды
Фото:
редакция мұрағатынан

612 өнім сынамасына, оның ішінде 386 тамақ өнімдерінің сынамасына және 226 халық тұтынатын тауарлардың сынамасына іріктеу жүргізілді.

ШҚО бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» филиалы жүргізген санитарлық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелері бойынша өнімнің 120 сынамасы немесе 19,6%-ы Кеден одағының (ЕАЭО) міндетті техникалық регламенттер талаптарына сай келмейтіндігі анықталды. Сәйкес емес деп танылған өнімнің басым көпшілігі 81,7% (98 сынама) – импорттық өнімдер, қалған 18,3%-ы (22 сынама) – отандық өндіріске тиесілі.

Сәйкессіздіктер іс жүзінде санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға жататын өнімнің әрбір тобында анықталды, негізінен бұл өнімді таңбалау бойынша сәйкессіздіктер – 85% немесе 102 сынама (сақтау шарттары, өндірушінің атауы мен мекенжайы, өнімнің атауы, шығарылған күні, жарамдылық мерзімі, өнімнің салмағы, азық-түлік және энергетикалық құндылық туралы ақпараттың, мемлекеттік тілдегі ақпарат және КО (ЕАОЭ) мүше мемлекеттер нарығындағы айналымның бірыңғай белгісі көрсетілмеген, Мебиус белгісі, тамақ өнімдерімен жанасу туралы символдың болмауы және басқа да бұзушылықтар), - деп мәлімдеді ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, сатылымда пайдалану немесе қолдану кезінде халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін өнімдер анықталды. Мониторинг барысында микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкес келмейтін жергілікті өндірушілердің аспаздық өнімдерінің 3 сынамасы алынды (гамбургер, пицца Микс, лағманға арналған дайын кеспе).

ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, сауда нысандарында өнімді тексеру мақсатында сатып алу жүргізу кезінде жарамдылық мерзімі өткен тамақ өнімдерінің 15 сынамасы анықталды (ет өнімдері (оның ішінде шұжық өнімдері), құс өнімдері, балық (консервілер), май өнімдері, кондитерлік және аспаздық өнімдер, алкогольсіз сусындар, ұн және жарма өнімдері). Аталмыш өнімдер қолдану кезінде жіті ішек инфекциясын немесе тамақтан улануды тудыруы мүмкін, сол себепті тұтынушының өмірі мен денсаулығына қауіпті болып табылады. Аталмыш өнімнің қалғаны толығымен сауда орындарынан алынып тасталынды.

Зертханалық зерттеулердің нәтижесі бойынша тұтынушыны алдау сипатындағы 3 бұзушылық анықталды:

  • «Масло крестьянское сладко-сливочное несоленое. Высший сорт», «Молпродукт» ЖШҚ, Ресей, май-қышқыл құрамның ара салмағы бұзылған, яғни өнімнің құрамына өсімдік майларының қосылғаны туралы тұтынушыдан жасырылған, сондай-ақ, таңбалау бойынша да сәйкессіздік анықталды.
  • «Колбасное изделие. Варено-копченая колбаса «Сервелат», «Омский бекон» АҚ, Ресей, ет өнімінің сынамасында жануарлардың түр бойынша ДНҚ идентификациясында сәйкессіздік анықталды, тауық ДНҚ-сы табылған, яғни өндірушілер өнімнің құрамында оны көрсетпеген.
  • «Куринная грудка «Ардагер», «Прииртышская бройлерная птицефабрика» ЖШС, ҚР, мұздатылған құс етінің сынамасында массалық үлесі бойынша еріген кездедегі ылғал мөлшерінің сәйкессіздігі (нормадан асып кеткен) анықталды, норма бойынша 4%, анықталған концентрация 8,1%-ды құрады.


Өткізушілерге, жеткізушілерге, импорттаушыларға және өндірушілерге қатысты анықталған бұзушылықтарды жою бойынша іс-шаралар жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша 61 ұйғарым берілді, 72,3 кг қауіпсіз емес өнім (тауар) айналымынан алынып тасталды.


Өнімнің сәйкестігін растайтын «сұр» және жалған құжаттарды (декларациялар, сертификаттар, мемлекеттік тіркеу туралы куәлік) анықтау бойынша жұмыс жүргізілді, оның қорытындысы бойынша ұнның және аспаздық өнім сәйкестігі туралы 2 декларацияның қолданысы жойылды, құс еті өнімінің 1 декларациясы және жеңіл өнеркәсіп өнімінің 2 сертификаты тоқтатылды, сәйкестікті растау бойынша органның аккредитация аттестатының күші 6 айға тоқтатылып, әкімшілік айыппұл салынды, - деп ескертеді санитар-эпидемиологтар.


Айта кету керек, тұтынушыларды ақпараттандыру мақсатында ай сайын ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Комитетінің сайтында ҚР аумағында өнім қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу кезінде анықталған сәйкес келмейтін өнімдердің Тізілімі орналастырылады. Сондай-ақ, бұл тізім Wipon мобильді қосымшасында ұсынылған, онда өнім туралы ақпарат штрих-кодты сканерлегеннен кейін экранға шығады.


Өнімдер туралы ақпаратты алдын ала біле отырып, денсаулыққа зиянды деп танылатын өнімнен бас тартып, дұрыс таңдау жасауға мүмкіндік бар.


Дүкен сөрелерінде сәйкес келмейтін өнімдер анықталған жағдайда, сіз жазбаша түрде Шығыс Қазақстан облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне немесе оның аумақтық басқармаларына жүгіне аласыз.

Следующая →