Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қала тазалығын ойламайтын тұрғындар үшін Шар әкімі жазаланды

Жарма ауданының әкімі Нұрымбет Сақтағанов аудандағы бірнеше ауылды аралап, тұрғындармен кездесті

Усть-Каменогорск и ВКО / Қала тазалығын ойламайтын тұрғындар үшін Шар әкімі жазаланды
Фото:
Жарма ауданы әкімдігінен

Шар қаласының санитарлық жағдайын қарау барысында анықталғандай, шығын шығарып, арнайы орынға - қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына апарғысы келмей, жақын маңға, көше қалтарыстарына төге салатын тұрғындардың қала іші мен қала шетіндегі жыл сайынғы жиналған күл-қоқысы адамның жанын құлазытады. Қаладан бір шақырымнан астам қашықтықта орналасқан полигонға апаратын жол бойы да үйінділерге толы, - деп атап өтті Нұрымбет Сақтағанов.


imgonline-com-ua-Resize-oklxgLgHbdL1.jpg


Осыған байланысты аудан әкімі қала басшысы Роза Қыдырбаеваға тәртіптік жаза қолданылып, кемшіліктерді жою үшін екі ай мерзім берілгенін мәлімдеді. Сондай-ақ, қолданыстағы қатты қалдықтар полигонын кәдеге жарату және қала шегінен санитарлық заңнамада белгіленген қашықтықта жаңасын ашу мүмкіндігін қарау тапсырылды.

Одан өзге, Жаңғызтөбе, Шуақ және Әуезов кенттерінде де болып, бірқатар мәселемен танысқан.

Шуақ кентіндегі бұрынғы мекемелер ғимараттары мен көпқабатты бос үйлерге алдағы уақытта қайта жөндеу жұмыстарын жоспарлап, өңірде жаңа кәсіпорындар, мекеме-ұйымдар ашу, бас-пана мәселесін шешу жолдарын талқыладық, - дейді аймақ басшысы. - Ал Әуезов кенті бүгінде кенді өлке болғандықтан халықтың әлеуметтік ахуалы жақсы. Кентте негізгі мәслелердің бірі Шар-Әуезов тас жолы, айналма жолдардың жөнделуі, аталған мекенде ірі кәсіпорын жұмыс жүргізіп отырғандықтан ондағы жарылыс жұмыстары тұрғындарды мазалайтын сұрақ. Алдағы уақытта көтерілген барлық мәселелер еліміздегі түрлі мемлекеттік бағдарламалар мен жергілікті бюджет шеңберінде қазір дайындалып жатқан Жарма ауданының орта және ұзақ мерзімді Стратегиялық даму жоспары аясында жүргізілетін болады.

Следующая →