Жарма ауданындағы ең үздік округ, ауыл, көше мен аула қомақты сыйақыға ие болмақ
Жарма ауданының әкімі Нұрымбет Сақтағанов аудан бойынша елді мекендердің санитарлық-тазалық жағдайын жақсарту мақсатында "Үздік округ", "Үздік елді мекен", "Үздік көше", "Үздік аула" атты жүлде қоры 10 млн теңгені құрайтын байқау ұйымдастырылатынын мәлімдеді
Дана халқымыз “Күлді баспа, жаман болады”, "Қоқыс жын-шайтанның мекені”, “Тазалық - табалдырықтан басталады" деген сөздермен өскен. Қоршаған ортаның тазалығына ауыл тұрғындары жауапкершілікпен қарап, аудан көлемінде жүргізіліп жатқан сенбіліктерге белсене араласып, тазалық жанашырлары ортақ мекеніміздің көркеюіне өз үлестерін қосады деп сенемін, - дейді аудан әкімі.
Байқау 1 мамыр мен 30 мау-сым аралығында өткізіледі деп жоспарлануда. Бұл шара халықты өзі тұрып жатқан өлкені абаттандырып, көгалдандырып, тұрғындардың табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастыруға және ауылдың, әрбір тұрғын үйдің санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталады.