Өскемен
ясно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +6°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +19°
$
444.22
+0.37
476.38
+2.08
¥
61.31
+0.06
4.82
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде жастарды қолдау кеңесінің кезекті отырысы өтті

Бүгін AMANAT партиясының ШҚОФ жанындағы жастарды қолдау жөніндегі аймақтық кеңестің отырысы өтті

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде жастарды қолдау кеңесінің кезекті отырысы өтті
Фото:
Amanat партиясы ШҚОФ баспасөз қызметінен

Отырысқа кеңес мүшелері мен ШҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Қайрғазинов Досхан Қайрғазыұлы шақырылды.

Күн тәртібінде 2 мәселе қаралды: жастарды жұмысқа орналастыру үшін жағдай жасау туралы (Мемлекеттік бағдарламалар: «Еңбек», «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны» және т.б.) және жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендетуді қамтамасыз ету.

2022 жылғы жағдай бойынша ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде Жұмыспен қамту органдарына 1 847 жас жүгінді, оның ішінде 1 288 адам (жүгінгендердің 70%) жұмысқа орналастырылды, оның ішінде тұрақты жұмыс орнына – 678 (жұмысқа орналасқандардың 53%), субсидияланатын жұмыс орындарына - 610 адам (жұмысқа орналасқандардың 47%). Сонымен қатар, 2022 жылы «Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлерді қолдау» бағыты бойынша ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде жастар практикасына – 714 адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы – 132 адам жұмысқа орналастырылатын болады, - деді Досхан Қайрғазыұлы.


Отырыс барысында басқарма басшысының орынбасарына кеңес мүшелері жастардың жағдайын жақсартатын, көкейлерінде жүрген ұсыныстарын айтып, сұрақ-жауап алмасты.

Жастар арасындағы мәселелерді шешу бойынша кеңес мүшелерінің ұсынысымен алдағы уақытта кезектен тыс жастарды қолдау кеңесіңің отырысы өткізілетін болады.

Следующая →