Өскемен
пасмурно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +3°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +7°
  • Орал
    +2°
  • Қарағанды
    +4°
  • Көкшетау
    +3°
  • Қостанай
    +1°
  • Қызылорда
    +9°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +7°
$
448.15
-1.43
483.46
-3.48
¥
61.99
-0.23
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ұландықтар алғаш рет жауынгерлік самбодан сайысқа түсті

Өскеменде 5518 әскери бөлімі базасында «Самбо» күресі бойынша Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы біріншілігіне арналған жеке жарыстар өтті

Усть-Каменогорск и ВКО / Ұландықтар алғаш рет жауынгерлік самбодан сайысқа түсті
Фото:
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, сайыста Өскемен, Семей, Курчатов, Павлодар қалаларынан келген 50ге жуық спорташылар 71 кг салмақта жауынгерлік самбодан, 58,64,71,79,88,95 спорттық самбодан өзара білек сынасты.

Ұландықтар өз әскери бөлімдерінің намысын қорғау үшін бастарын бәйгеге тігуден тартынған жоқ. Әрқайсысы жарыс барысында шыдамдылық пен жеңіске деген ынта-жігерін барынша көрсетуге тырысты. Сонымен қатар, қорғану мен шабуылдау барысында үздік техника мен жоғары шеберліктерін көрсетіп, қоян-қолтық ұрыста шапшаң шешім қабылдай білетіндіктерін көрсетті, - дейді ҰҰ «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының дене дайындығы бастығы подполковник Бауыржан Дарыбаев.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының командалық біріншілігінің қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:

  • бас жүлдені Курчатов қаласынан келген 3514 әскери бөлімінің құрама командасы қанжығасына байлады

  • жүлделі екінші орынды Өскемен қаласының 5518 әскери бөлімінің құрама командасы еншіледі

  • үшінші орынды Семейлік 5511 әскери бөлімінің құрама командасы місе тұтты.

  • командалық біріншілікте жүлделі орын алған командалар кубоктармен және грамоталармен марапатталды.


Түрлі салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаз атанған чемпиондарды «Самбо» күресінің КСРО спорт шебері,самбо спортының ардагері Рамазанов Рымбек Мұратұлы мен «Динамо» ДШСҚ ШҚО бөлім бастығы Сергей Иманқұлов марапаттады.


Сайыс қорытындысы бойынша жасақталған «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының құрама командасы 3-6 маусым аралығында Актобе қаласында өтетін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының чемпионатында бақ сынайтын болады.

Следующая →