Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Электронды қызметтер саны артып келеді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаменті, Әділет департаменті және Азаматтарға арналған үкімет корпорациясы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің онлайн-жәрмеңкесін ұйымдастырды

Усть-Каменогорск и ВКО / Электронды қызметтер саны артып келеді

Жәрмеңкеге Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасы бас маманы Назым Куангали, Әділет департаменті басшысының орынбасары Ермек Қорабаев, Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Меруерт Тарыбаева қатысты.

Жәрмеңке барысында Әділет департаментінің өкілі Ермек Ерланұлы онлайн және тікелей көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің түрлерін, орындалу тәртібі туралы баяндады. Заңгерлерге, нотариусқа және сот орындаушыларына берілетін лицензия талаптары айтылды. Департамент басшысының орынбасары былтырғы жылдың деректерімен де бөлісті.

2021 жылы тестілеу комиссияның 8 отырысы өткен. Оның 4-і адвокаттық, 4-і нотариалдық қызметпен айналысуға арналған. Адвокаттық қызметпен айналысуға барлығы 88 арыз түсіп, 67 адам қатысқан. Олардың 47-сі тестілеуден өтпей қалды. Ал нотариалдық қызметпен айналысуға 59 арыз түссе, олардың 33-і тестілеуден өте алмады. Коммерциялық емес заңды тұлғаларды тіркеуге тоқтайтын болсақ, 2021 жылдың 12 айында әртүрлі тіркеулерге 3099 арыз түскен. Олардың 1554-і тіркеліп, 430-ы кері қайтарылған, - деп атап өтті Ермек Ерланұлы.

Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының өкілі Меруерт Тарыбаева тұрғындарды Электронды үкімет порталы арқылы жүзеге асыруға болатын қызметтер тізімімен таныстырды. Сол сияқты, электронды қызметтердің басымдығын атады.

Филиал 2021 жылы жылжымайтын мүлікке иелік құқығын тіркеу бойынша 211 312 қызмет көрсеткен. Олардың ішінде электронды форматта 105 774 қызмет көрсетілді. Яғни, 50 пайызын құрайды. Бұл электронды қызметтердің қарқынды дамып келе жатқанын айғақтайды, - дейді Меруерт Тарыбаева. - 2022 жылдың бірінші тоқсанында 41014 қызмет, былтыр, жыл басында 37919 қызмет көрсетілді. 2021 жылдың бірінші тоқсанында 19 мыңнан астамы ғана электронды болған. Биыл электронды қызметтер саны 48 пайызды құрап отыр.

Қатысушылардың басым бөлігі әділет органдарына қарасты құжаттарды ЕГОВ порталынан алу мүмкіндіктері, жалпы аталған порталдан қандай құжаттарды электронды нұсқада алуға болатынын, оның заңды күші туралы сұрақтар қойды.

Следующая →