Қазақстан 37 миллиард теңгені қайда бөледі
Республикалық бюджет шығыстары тізімінің кейбір тармақтарын Қаржы министрінің орынбасары Татьяна Савельева айтты
Қазақстанның республикалық бюджетінен қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктердің салдарын жоюға 37 млрд теңге бөлу жоспарланған, деп хабарлады Қаржы министрінің орынбасары Татьяна Савельева.
Қаңтар оқиғаларының салдарын жоюға 37 млрд теңге бағытталады, оның ішінде Алматыда және басқа да өңірлерде зардап шеккен ШОБ субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсетуге 21 млрд теңге бағытталады, - деді Савельева бейсенбі күні Мәжілісте 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы және осы жылдарға арналған Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт туралы заңдарға түзетулерді ұсына отырып.
Оның айтуынша, жалпы шағын және орта бизнесті қолдауға қосымша қажеттілік 45 млрд теңгені құрайды. Үкімет резервінен 24 млрд теңге бөлінді.
Бүлінген әкімшілік коммуналдық инфрақұрылым нысандарын қалпына келтіруге 10 млрд теңге бөлу көзделіп отыр. Инфрақұрылымды қалпына келтіруге жалпы қажеттілік 22 млрд теңгені құрайды, Үкімет резервінен 12 млрд теңге бөлінді, - деп атап өтті Савельева.
Алматыда Президент резиденциясын демонтаждауға 6 млрд теңге бөлу жоспарланған.