Өскемен
ясно
-18°
  • Өскемен
    -18°
  • Алматы
    -7°
  • Астана
    -9°
  • Ақтөбе
    -7°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    -4°
  • Қарағанды
    -9°
  • Көкшетау
    -10°
  • Қостанай
    -10°
  • Қызылорда
    -6°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -12°
  • Тараз
    -2°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    +2°
$
515.25
+0.32
535.91
-0.13
¥
70.6
+0.05
5.18
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен ЖЭО-ның мұржалары берік пе?

Жақында Петропавл қаласында жылу электр орталығының мұржасы құлап, бір адам қаза тапқан еді. Өскемендегі мұржалар дәл солай құламайтынына кепілдік бар ма?

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемен ЖЭО-ның мұржалары берік пе?
Фото:
редакция мұрағатынан

20 наурыз күні Петропавлдағы ЖЭО-да үш түтін мұржасының бірі опырылып құлады. Нәтижесінде қазандық жабдығының жанында болған машинист-қараушысы үйінді астында қалып, оқиға орнында қаза тапты. Қайғылы жағдай елдегі барлық жылу электр орталықтанына белдерін бекем бууға себеп болды.

Петропавл ЖЭО-2-ге қарайтын "Севказэнерго" АҚ берген ресми ақпараты бойынша, құлаған №1 түтін мұржасы 1961 жылы пайдалануға берілді. Мұржаға 2017 жылы күрделі жөндеу жүргізілген, тексеру нормативтерге сәйкес 5 жылда бір рет жүргізіледі.

Өскемен қаласындағы ЖЭО құбыры 50 жыл бұрын салынған. Ол қала тұрғындарының 80%-ын жылумен қамтамыз етіп отыр.

"Өскемен ЖЭО" ЖШС объектілерінің жағдайы тұрақты бақылауда, авариялық жағдайдағы объектілер жоқ. Кәсіпорындағы ғимараттар мен құрылыстардың ықтимал авариялық жағдайларын болдырмау мақсатында ТПЕ қағидаларына (электр станциялары мен желілерінің техникалық пайдалану қағидалары) сәйкес жыл сайынғы тексерулер мен техникалық тексерулер жүргізіледі, - деді "Өскемен ЖЭО" ЖШС бас директоры Айдын Бексұлтан.

Дегенмен Петропавл қаласындағы жылу электр орталығындағы мұржалары да апаттық жағдайда болмаған, уақтылы тексеріліп отырған еді.

Өскемен жылу электр орталығында 3 темір бетон түтін мұржалары бар. "Өскемен ЖЭО" ЖШС ақпараты бойынша, олардың ішіндегі №1 мұржа 1950 жылы пайдалануға берілген. 2020 жылы мұржаның жүру сатылары мен алаңшаларына жөндеу жұмыстары жүргізіліпті. 2021 жылдың шілде айында "СтройПром-Эксперт" ЖШС құрылыс конструкцияларының техникалық жай-күйін тексеріп, өз бағаларын берген екен. №2 мұржа 1966 жылы пайдалануға берілді. Оның құрылыс конструкцияларының техникалық жай-күйін тексеру және бағалауды 2011 жылы Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ жүргізді. 2013 жылы мұржаның жүру сатылары мен бағдаршам алаңшаларына жөндеу жүргізілді. Бұл түтін мұржаларының жағдайы қанағаттанарлық, жұмысқа қабілетті, бірақ қазіргі таңда олар пайдаланылмайды.

Бүгінгі күні Өскемен жылу электр орталығында №3 түтін мұржасы жұмыс істеп тұр. Ол 1991 жылы пайдалануға берілді. 2011 жылы Д. Серікбаев атындағы ШҚМУ оның құрылыс конструкцияларының техникалық жай-күйін тексеріп, бағалады. Бұл мұржаға 2007, 2011, 2019, 2020 жылдары әртүрлі жөндеу жұмыстары жасалған екен.

Следующая →
Тақырыптар: Өскемен ЖЭО Мұржа Жылу