Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Балаларға арналған тегін үйірмелердің жұмысы неге тоқтады?

Шығыс Қазақстан облысындағы 9231 бала тегін спорт үйірмелеріне қатысу мүмкіндігінен айырыла ма?

Усть-Каменогорск и ВКО / Балаларға арналған тегін үйірмелердің жұмысы неге тоқтады?
Фото:
редакция мұрағатынан

Облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы былтыр оқушыларға тегін спорт үйірмелерін ұйымдастыру бойынша жақсы бастама бастады. Алайда қаражаттың тапшылығынан іс аяғына дейін жетпей қалуы мүмкін.

2021 жылдың шілде айынан бастап спорттық бағыттағы тегін үйірмелер жұмысын бастады. Облыстық бюджеттен 2021 жылы 287,9 млн теңге, 2022 жылы 300,0 млн теңге бөлінді, - деді ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Досжан Уалханов. - Ағымдағы жылдың басында бөлінген 300,0 млн теңге сомасының 268,0 млн теңгесі қаңтар-ақпан айларында игерілді. Бағдарламаның іске асырылуын жалғастыру үшін жыл аяғына дейін қосымша 2 107,7 млн теңге сомасында 11 104 балаға қаражат қажет. Облыстық бюджет дотациялық аймақ болғандықтан бағдарламаны жүргізу үшін қосымша қаражатпен қамтамасыз ете алмайды. Осыған байланысты біз ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне республикалық бюджеттен қаражат бөлу туралы хат жолдадық. Дегенмен аталмыш хатқа әлі жауап алған жоқпыз.

Балалар жылында балаларға жасалған зор мүмкіндік деп қуанған ата-аналардың бақыттары ұзаққа созылмады. Тегін үйірмелер қаражаттың тапшылығынан тегін болмай қалды. Сондықтан шығысқазақстандық ата-аналар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа петиция жазып, тегін спорт үйірмелерін қаржыландыруға көмек сұрады:

"Сіздің реформаңыз шығармашылық ұжымдар мен спорт секцияларын қолдауға және қалпына келтіруге бағытталған. Бұл жағдайда мемлекеттің қолдауы еліміздің болашағын, салауатты ұлтты қалыптастыру, балаларды дамыту, жаңа спорттық және шығармашылық клубтар ашу және бар секцияларды қолдау үшін маңызды негіз болып табылады.

Біздің облыста шығармашылық тапсырыс бойынша 5058 бала, спорттық тапсырыс бойынша 5202 бала мемлекет тарапынан қаржыландырусыз қалды. Осыған байланысты Шығыс Қазақстан облысында мемлекет тарапынан қаржыландыруды тоқтату ерекше алаңдаушылық туғызады. Сіздің бағдарламаңыз өскелең ұрпақ үшін негіз болып табылатын жеке қабілеттер мен таланттарды дамыту арқылы бала тәрбиесін ашуға бағытталған. Біз балаларымыздың еліміздің лайықты азаматтары болып өскенін қалаймыз.

ШҚО-да осы бағдарлама бойынша қаржыландыруды қалпына келтіру үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды сұраймыз. Біздің балалар алғаш рет мемлекет есебінен спортпен және шығармашылықпен тегін айналысуға мүмкіндік алды. Біз, ата-аналар мен балаларымыз, бұл бастамаларды өте бағалаймыз" деп жазылған петицияда.

Аталмыш жобаның сәтті басталғанын қатысушы балалардың санынан байқауға болады. Себебі 2021 жылы жобаға 5261 бала және биыл 9231 бала қатысып отыр.

Artsportedu.kz платформасында жан басын нормативтік қаржыландыру бойынша 9231 бала қамтылды. Өскемен, Семей, Риддер, Алтай, Аягөз қалаларында және Үржар ауданында 24 спорт түрі бойынша 468 спорттық топ жұмыс істеуде, - деп атап өтті Досжан Уалханов.

Облыстық бюджеттен спорт үйірмелеріне бөлінген қаражат наурыз айына дейін жетті. Сондықтан алдағы уақытта олар ақылы болуы мүмкін.

Мемлекеттен қаражат бөлінгенше спорттық үйірмелер ақылы болады деп шештім. Себебі бізге ғимаратты жалдау ақысын, тренерлердің айлықтарын төлеу керек. Сонымен қатар, балалардың жаттығуында да үзіліс болмауы керек. Мәселе алдағы уақытта шешіледі деген үміттеміз, - дейді "Тойжамал Тащанова" өнер-білім орталығының директоры Ақижан Тащанов.

Ақылы үйірмелерді бір баласы ғана барып жүрген ата-аналардың қалтасы көтеруі мүмкін. Алайда бірнеше баласын үйірмеге қатыстырған ата-аналарға бұл қиынға соғатыны сөзсіз.

Айта кету керек, тегін спорттық үйірмелер 4-18 жас арасындағы балаларға арналаған.

Осы орайда айта кетейік, күні кеше ғана Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов балаларды тегін спорт секцияларымен қамтуды арттыруды тапсырды.

Оның айтуынша, Қазақстанда орта есеппен халықтың 35%-ға жуығы спортпен шұғылданады. 2025 жылы спортпен айналысатындардың үлесін 50%-ға дейін жеткізу керек.

Дене шынықтырумен және спортпен айналысу үшін спорттық инфрақұрылым жасына, тұрғылықты жеріне және табысына қарамастан, барлық азаматқа бірдей қолжетімді болуы тиіс. Мәдениет және спорт министрлігі Білім және ғылым министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп, биылғы 1 шілдеге дейін спорттық инфрақұрылым жоқ елді мекендерде оларды салу жоспарын қабылдасын, - деді ол.

Следующая →