Өскемен
пасмурно
-6°
  • Өскемен
    -6°
  • Алматы
    -5°
  • Астана
    -11°
  • Ақтөбе
    -11°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    -3°
  • Қарағанды
    -10°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -10°
  • Қызылорда
    -3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -4°
  • Туркестан
    -9°
  • Шымкент
    -4°
$
523.86
-0.16
544.34
-0.85
¥
71.77
-0.05
5.11
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да өмірге қауіпті өнімдерді сату фактілері жиілеп кетті

Санэпидқызметте сөрелерде мерзімі өтіп кеткен азық-түлік табылған жағдайда қайда жүгіну керектігі айтылды

Усть-Каменогорск и ВКО / В ВКО участились факты реализации опасной для жизни продукции
Фото:
Департамент санитарно-эпидемиологического контроля ВКО

Қазіргі уақытта тұтынушылар үшін дүкендердің сөрелерінде әртүрлі өндірушілердің азық-түлік өнімдерінің үлкен ассортименті бар. Көпшілігіміз үшін дәмді, пайдалы және ең бастысы қауіпсіз өнімді дұрыс таңдау қиынға айналады. Осы үшеуінің ішінен тұтынушы өнімнің қауіпсіздігіне ерекше назар аударуы тиіс. 

Өнім қауіпсіздігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі жарамдылық мерзімі болып табылады, яғни өнімді таңбалауда дайындалған күннен басқа, өндіруші міндетті түрде жарамдылық мерзімін көрсетуі керек, ол өнімді қанша уақыт ішінде пайдалануға болатын мерзім немесе өнім тұтынуға жарамды болатын күнмен есептеледі. Әрбір тұтынушы жарамдылық мерзімі өткен тамақ өнімдерін сатуға тыйым салынатынын білуі керек. Жарамдылық мерзімі өткен өнімдерді пайдалану тамақтан улануды ғана емес, сонымен бірге тұтынушының өміріне қауіп төндіруі мүмкін. 

 2021 жылы және 2022 жылдың 2 айында ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдары Шығыс Қазақстан облысының сауда желісінде өнім қауіпсіздігіне мониторинг (өнімді тексеру мақсатында сатып алу) жүргізу кезінде жарамдылық мерзімі өткен тамақ өнімдерінің 19 сынамасын анықтады. Бұл тізімде ет өнімдері (оның ішінде шұжық өнімдері), құс өнімдері, балық (консервілер), май өнімдері, кондитерлік және аспаздық өнімдер, алкогольсіз сусындар, ұн және жарма өнімдері бар. 

Профилактикалық тексерудің бұл түрі сауда объектісіне барғанға дейін бір тәулік бұрын кәсіпкерлік субъектілерін міндетті түрде алдын ала хабардар ете отырып жүргізілетініне қарамастан, тұтынушыларға өмірі үшін қауіпті өнімді өткізу фактілері өткен жылмен салыстырғанда жиілеп кеткен. 

ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұтынушылардың назарына жарамдылық мерзімі өткен өнімді өткізу кезінде немесе санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарының қадағалауындағы өнімдерде (оның ішінде өнімді таңбалауда) басқа да бұзушылықтар анықталған жағдайда, аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына немесе тікелей ШҚО СЭК департаментіне шағыммен жүгіне аласыз, - деді ШҚО СЭК департаментінде. 

 Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес шағымда өнімді сатып алуды растайтын фото-бейне материалдарды немесе чектерді (көшірмелерді) қоса бере отырып, кәсіпкерлік субъектісіне қатысты бұзушылықтың нақты фактілері (объектінің мекенжайы, атауы және т.б.) көрсетілуі тиіс. Осы өнімді тұтынғаннан кейін денсаулыққа зиян келтірілген жағдайда, шағымға денсаулық сақтау ұйымынан анықтама қоса беріледі. 

ШҚО бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мекенжайы: Өскемен қаласы, Н. Назарбаев даңғылы, 17, телефондар: 8(7232) 76-67-23, 76-75-49, e-mail:dzpp_vko@dsm.gov.kz.

Следующая →