ШҚО-да жаңа полиция формасы таныстырылды
Жаңа дизайн бойынша тігілген нысанды киім учаскелік инспекторлардың ғана емес, патрульдік полицейлердің де қызмет өткеру ерекшеліктері мен жағдайларын ескереді
Ағымдағы жылдың 31 наурызында Өскеменде жаңа үлгідегі нысанды киімдегі полиция қызметкерлерінің саптық байқауы өткізілді. ШҚО Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Серік Тұрсынәліұлы Жүнісбековполиция қызметкерлерінің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қызмет атқаруға дайындығын, сондай-ақ қызметтік автокөліктің техникалық жағдайын тексерді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында елді дамуының жаңа кезеңіне шығаруға қабілетті бірқатар реформаларды атап өтті. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында «Полицияның сервистік моделі» іске асырылуда. Бұдан басқа, «Полиция қадамдық қолжетімділікте» қағидатын іске асыру мақсатында қарқынды жұмыс жүргізілуде. Өзгерістерге жасалған қадамдардың бірі - қызметкерлердің жаңа киім нысанына ауысуы болды. Полицейлер үшін жаңа нысанды әзірлеу – ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі жол картасы тармақтарының бірі, - деді ШҚО ПД бастығы Серік Жүнісбеков.
Жаңа дизайн бойынша тігілген нысанды киім учаскелік инспекторлары мен патрульдік полицейлердің қызмет өткеру ерекшеліктері мен жағдайларын ескере отырып жасалған. Құқық қорғау органының қызметкерлері өз қызметін жарық шағылыстырғыш элементтерімен матадан тігілген ерекшелік белгілері бар көк нысанды киімде атқарады. Сонымен қоса нысанды киімде жазулар латын әріптерімен басылғанын көре аламыз.
Жаңа киім полиция қызметкерлері күнделікті кездесетін қауіпті жағдайларда әрекет ету үшін арнайы жасалған, - деп қосты ШҚО ПД бастығы.
Соңында полиция қызметкерлері салтанатты шерумен өтіп, қызмет өткеру орындарына аттанды.