Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

"Халифа Алтай" мешітіне Түркиядан қари келді

"Тарауих" сөзінің мағынасына келер болсақ, ол "демалу" деген ұғымды білдіреді. Бұл намаз тек рамазан айында ғана оқылады

Усть-Каменогорск и ВКО /  "Халифа Алтай" мешітіне Түркиядан қари келді

Сүйікті пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): "Хақ Тағала сендерге оразаны парыз етсе, мен тарауих намазын сүннет еттім. Шын иман және ықыласпен рамазан оразасын ұстаған және тарауих намазын оқыған адам күнәдан анадан жаңа туған нәрестедей пәк болып тазарады", - деген хадисі бар. Сондықтан ер және әйел кісінің жиырма рәкәғат тарауих намазын оқуы - сүннет муәккәдә.

Тарауих намазы құптан намазының парызынан кейін (екі рәкәғат сүнеттен соң) оқылады. Парыздан бұрын оқылатын болса, ол тарауих намазына жатпайды. Тарауих намазы 20 рәкәғаттан тұрады. Оны екі немесе төрт рәкәғатқа бөліп оқыса болады.

Кез келген елді мекеннің тұрғындары тарауих намазын өздеріне қарасты мешітте жамағат болып оқуы - сүннәт кифая. Осы себептен бір мешітке қарасты жамағаттың бірі де тарауих намазын мешітте оқымаған жағдайда жамағаттың барлығы сүннәтқа қайшы әдепсіздік еткен болады.

Тарауих намазының мустахабтары төмендегідей:

1. Әр екі немесе төрт рәкәғатта сәлем беру.

2. Әр төрт рәкәғатта сәлем бергеннен кейін намаз "тарауих" деп аталуына сай демалу. Демалу уақытында түрлі зікір, дұға етсе, уағыз айтса, тіпті үндемей отырса да болады. Себебі жаман сөз айтпай, үндемей отырудың өзі - ғибадат. Жалпы демалу барысында осы айтылған амалдың қайсысымен шұғылдану жамағаттың ықтиярындағы іс.

3. Тарауих намазында Құранды бір рет хатым ету. Бұл мәселеде имам жамағатты қашырып алмау мәселесін ескерген жөн. Жамағатта қарттар мен жас балалар болған жағдайда имам тарауих намазында қысқа сүрелерді оқығаны абзал.

Негізінде Рамазан бойы тарауих намазын оқу барысында Құранды бір рет хатым ету, яғни бастан-аяқ оқып шығу - сүннәт. Мәселен, Құран хатымын Рамазанның бірінші түні бастап, соңғы түнінде аяқтаса болады. Бұл мәселеде ғалымдардың арасында келіспеушілік жоқ.

4. Тарауих намазын мешітте оқу. Себебі жамағатпен оқылатын намаздың абзалы - мешітте оқылған намаз.

Айта кету керек, ҚМДБ үкімі бойынша, биылғы рамазан айында тарауих намазы 1 сәуірден бастап оқылады. Облысымыздағы мешіттерге тарауих намазын оқу үшін мүмкіндігінше арнайы қарилар жіберіледі. Ал Халифа Алтай мешітінде тарауих намазын Түркия елінен арнайы шақыртылған қари оқитын болады.

Следующая →