Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Рамазан - кешірім мен мейірім айы

"Рамазан" қасиетті Құран Кәрім түсе бастаған ай және бұл айда барша мұсылмандарға ораза парыз етілді

Усть-Каменогорск и ВКО / Рамазан - кешірім мен мейірім айы

Биыл рамазан айы 2 сәуір күні басталып, 1 мамыр күні аяқталады. Ислам дінінде де түн күннен бұрын жүргендіктен, рамазан айында оқылатын тарауих намазы 1 сәуір күні құптан намазынан кейін басталады және сол түні ауыз бекітіледі.

Рамазан - адам баласын тура жолға бастайтын, ақ пен қараны ажырататын, игілік пен жақсылықты көрсететін Құран Кәрім түскен ай. Сондықтан рамазан айы - Құран айы. Біздің бүгінгі ғылыми жетістіктеріміздің, ғылыми технологияларымыздың басында осы қасиетті Құран кітабы тұр. Геометрия, химия, физика, биология, математика сынды ғылымдардың негізін қалаушы ғалымдардың барлығы өздерінің негізгі рухани білімін осы Құран Кәрімнен алған, - деп атап өтті ҚМДБ-ның Өскемен аймағы бойынша өкіл имамы Ермек қажы Мұқатай.

Рамазан - мұсылмандар үшін қасиетті және берекелі ай. Ислам таңы осы айда атып, дүниені жарығына бөлеген, ұлы кітабымыз Құран Кәрім осы айда түсе бастаған. Мың айдан да қадірлі болып есептелетін Қадір түні де осы айдың ішінде. Ішкі дүниемізді жаман ойлардан және сыртқы дүниемізді жаман әрекеттерден тазартатын ораза осы айда ұсталады.

Бақара сүресінің 183-аятында Алла былай дейді: “Әй, иман келтіргендер! Ораза сендерден бұрынғыларға парыз етілгендей Аллаға қарсы келуден сақ болатын шығарсыңдар деп санаулы күндерде сендерге де парыз етілді”. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) “Кімде-кім сене отырып, сауабын Алладан күтіп, рамазан оразасын тұтса, өткен күнәлары кешіріледі” деген еді. Сауаптар еселеніп жазылатын рамазан айында қайырымды істерге, жақсылықтарға үлес қосып, бай мен кедейдің арасы жарастырылатын айында пайдалы істерге асығуымыз керек. Қалталы азаматтар мұқтаждығы бар адамдарға қол ұшын созса, Алла Тағала сол көмектеріңіздің ақысын еселеп береді, - деп атап өтті облыстық "Халифа Алтай" мешітінің бас имамы Ермек қажы Тасболатұлы.

Алла Тағала Құранда: "(Садақа беріп) өзін тазартқан әрі Раббысының есімін еске алып, намаз оқыған адам, сөзсіз, мұратына жетті", - деген ("Ағла" сүресі, 14-15-аяттар). Жай күндердегі садақалар мал-мүліктен берілсе, рамазан айындағы пітір садақа кісі басына беріледі. Хадистердің бірінде: "Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ораза ұстаған адамды ұнамсыз сөздер мен жағымсыз іс-әрекеттерден тазарту әрі кедейлерді тамақтандыру үшін пітір садақаны парыз етті. Кім оны (айт) намаздан бұрын берсе, ол зекет болып қабылданады, ал (айт) намаздан кейін берсе, жай ғана садақа болып есептеледі" делінген.

ҚМДБ шариғат және пәтуа бөлімінің мамандары пітір садақаны - 500 теңге, ораза ұстай алмай қалған адамдардың підиясын - 3 000 теңге, зейнеткерлер үшін 500 теңге деп бекітті, - деп атап өтті ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қорының Өскемен аймағы өкілдігі бойынша өкілі Берік Қадірұлы.

Підия, зекет, пітір садақаны еліміздегі барлық екінші деңгейлі банктері арқылы төлеуге болады.

Сонымен қатар, рамазан айы көлемінде облысымызда түрлі қайырымдылық шаралары, акциялар, оқушыларға арналған танымдық ойындар, ақындар мүшәйрасы өткізілетін болады.

Айта кету керек, бұл айда барлық астарды, науқандарды ауызашар уақытында өткізу ұсынылады.

Өскемен қаласы.jpg Семей қаласы.jpg

Аягөз.jpg Зайсан.jpg

Оразаның соңғы күні ауыз ашқан соң, түнде қайта ауыз бекітіп, ертеңінде (айттың бірінші күні) айт намазы оқылғанға дейін ауыз бекіту дұрыс па?

- Жоқ, оразаның соңғы күні аузымызды ашамыз. Айт күні ауыз бекту деген мынадан шыққан: Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Құрбан айт күні үйінен сәресін ішпей, оразасын ашпай шығып кететін де құрбан шалынған соң, сол құрбандықтың етінен ауыз тиіп, оразасын бірақ ашқан. Сондықтан көбі пайғамбардың сүннетін жаңғыртамыз деп шатасып жатады.


Мешіттердегі ауызашарлар кімдерге арналған?

- Мешіттегі ауызашарға ақшам намазын оқуға келіп қалған азаматтар, жолаушы болып жүрген азаматтар, әлеуметтік жағдайы нашар тұрғындар, студенттердің келіп қатысқаны абзал. Ал жағдайы жақсы тұрғындарымыз керісінше сол ауызашарларды ұйымдастыруға көмектессе игі.


Кірпік жабыстырып, тырнағын бояған нәзік жандар ораза ұстай ала ма?

- Әлбетте дәретпен жүріп, ондай нәрселерді жасамаған абзал. Бірақ ораза ұстауға оның еш кедергісі жоқ.

Следующая →
Тақырыптар: ШҚО Рамазан Кесте