Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +20°
$
444.32
-1.34
473.33
-1.25
¥
61.31
-0.22
4.76
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Сенатор Зайсан-Майқапшағай айналма жолын сынға алды

Жұмыс сапарымен Зайсан ауданына Қазақстан Республикасының Сенат депутаты Ольга Булавкина барған. Әлеуметтік маңызды нысандарды аралап, жолдардың сапасын тексерді. Аудандағы қордаланған мәселенің көп екенін айтқан сенатор шара қолданатынын жеткізді

Усть-Каменогорск и ВКО / Сенатор Зайсан-Майқапшағай айналма жолын сынға алды

Сенатор сапарын халық айта-айта әбден жауыр болған, әлеуметтік желіде көтеріп жатқан жол мәселелері бойынша, республикалық маңызы бар Омбы-Майқапшағай жолының құрылыс жұмыстарын көруден бастады. Депутат құрылыс барысымен таныса келіп, жолдың сын көтермейтінін айтып, бас прокуратура арқылы тексеріс жіберетінін атап өтті.

Жолдардың сапасы сын көтермейді. Ойық шұңқыр көп. Мына жолдармен жүрген көліктің сау-тамтығы қалмайтын түрі бар. Қанша жыл бұрын басталған жол құрылысы әлі аяқталмаған. Бұл мәселеге қатаң шара қолдану керек, - деді Ольга Булавкина.

Зайсан-Майқапшағай арасындағы айналма жолдарды қатты сынға алып, мердігерлер Синь-синь мен Қазақавтожол мекемесіне сын-ескертпелер айтып, бір апта уақытта қалпына келтіруді тапсырды және арнайы тексеру болатынын айтты.

Сондай-ақ, сенатор Ольга Булавкина аудандық ауруханының провизорлық орталығында болып, медицина қызметкерлерімен кездесіп, тілдесті.

Пандемия денсаулық сақтау және білім беру саласындағы қазіргі проблемаларды айқындады және осы салаларда жаңа реформалар жүргізу қажеттігін көрсетті. Қазіргі кезде дәрігер мамандардың жетіспеушілігі байқалады, өңірлерде кадрларды оқытуға грант бөлу қажет. Ұлттың денсаулығы мен әл-ауқаты біздің болашағымыз екенін және мемлекеттің дамуы соған байланысты екенін түсіну керек, - деді Ольга Булавкина.

Сенатор коронавирус инфекциясы пандемиясымен күрес кезінде дәрігерлердің жұмысына баса назар аударып, оларға қажырлы еңбегі үшін алғыс айтты, сондай-ақ вакцинация мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ сенатор өңірдегі көпбалалы отбасылардың тұрғын үй мәселелері қалай шешіліп жатқанымен танысты. Ол жүзеге асып жатқан «Бір қабатты шығыс» бағдарламасымен салынған екі пәтерлі тұрғын үйлерде болып, көпбалалы отбасылардың жағдайымен танысып, үй иесі Нұргүл Разхановамен пікірлесіп, көпбалалы аналардың тірлігін өз көзімен көріп қайтты. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік қағидатына негізделген жоба көпбалалы отбасылардың тұрғын үй жағдайларын жақсартуға мүмкіндік береді.

Депутат Дайыр ауылындағы «Арна-Минералс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі салған зауыт жұмысымен танысты. Еске сала кетейік, "Жұмыспен қамту жол картасы-2020" бағдарламасы аясында осы зауыттың құрылысына 1 миллиард 650 миллион теңгенің инвестициясы тартылып, 1 жыл ішінде зауыт құрлысы аяқталып, бүгінде халық игілігіне беріліп отыр.

Сапар соңында Депутат Ольга Булавкина шаруа қожалықтарының жетекшілері, аудандық мәслихат депутаттары, тиісті бөлім, сала басшыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында айтылған ұсыныс-пікірлерді тыңдап, тиісінше жауап берді. Әсіресе өзі көзбен көрген жол, газ, интернет, азық-түліктің бағасы, медициналық сақтандыру, ветеринария, ішкі каналдарды жөндеу және тағы да басқа аталған мәселелердің барлығын рәсімдеп, жедел түрде Үкіметке депутаттық сауал жолдайтынын және бақылауға алып қадағалайтынын жеткізді.



Следующая →