Өскемен
пасмурно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +3°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +7°
  • Орал
    +2°
  • Қарағанды
    +4°
  • Көкшетау
    +3°
  • Қостанай
    +1°
  • Қызылорда
    +9°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +7°
$
448.15
-1.43
483.46
-3.48
¥
61.99
-0.23
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ұлан ауданындағы Таврия ауылында мешіт салынып жатыр

Өскеменнің іргесінде жатқан Ұлан ауданына қарасты Таврия ауылында мешіт құрылысы басталды. Өткен жылы іргетасы қаланған мешіт құрылысы биыл аяқталуы керек

Усть-Каменогорск и ВКО / Ұлан ауданындағы Таврия ауылында мешіт салынып жатыр
Фото:
автордікі

Естеріңізге сала кетейік, осыдан 1 жыл бұрын ауыл тұрғындарының өтініші бойын-
ша ауылдық округтің әкімдігі арнайы мешіт салуға жер бөліп, былтыр қалың жамағат қатысуымен жаңа мешіттің қазығы қағылып, құран оқылып, құрбандық шалынып, іргетасы құйылған болатын.

Жалпы, мешіт пен қатымханасын, сыртқы абаттандыру жұмыстарын жасауға шамамен 40 миллион теңге көлемінде қаражат керек. Алланың үйінде бір мезетте 200 адам сәждеге бас қойып, ғибадат етуге мүмкіндік тумақ. Мешіт Жанұзақ ауылындағы мешіт сызбасы бойынша салынбақ. Сондай-ақ, жаңа мешіттің құрылысына мемлекет қаражаты мүлдем жұмсалмайды. Барлық шығынды еріктілер мен кәсіпкерлер көтеріп алмақ.

Туған жеріңе туыңды тік демекші, әр азамат туған жерін көркейтуге шын пейілімен атсалысса нұр үстіне нұр болады. Алла қаласа, ораза айының алдында басталған игі ісімізді қолдар жамағат көп болар деп сенемін. Қазірдің өзінде ауыл жастары, демеушілер, еріктілер хабарласып, қолдауларын білдіріп, көмек қолын созуда, - дейді мешіт құрылысының басы-қасында жүрген белсенді Дамир Женісқанов.

Айта кету керек, мұндағы тұрғындар діни рәсімдер үшін 40 шақырым қашықтықта орналасқан Өскемен қаласына келеді.

Жомарт жүректі азаматтардың қолдауымен бой көтергелі тұрған мешіт ауыл ажарын айшықтай түсетіні анық. Көмек беріп, құрылыс басында жүрген жандарға ризамын. Енді "өзіміздің мешітіміз бар" деп қуанудың ауылы да алыс емес, - дейді Таврия ауылының тұрғыны Дидар Абилмажинов.

Мешіт құрылысы толығымен аяқталғанан кейін Қазақстан Дін істері басқармасының қарамағына беріледі. Сондай-ақ, облыстағы орталық мешіт имам тағайындайды.

Kaspi Gold: 4400430184024922
(+7 747 8878684)
ЖСН: 920526351571 (Женісқанов. Д.Т.)


Следующая →
Тақырыптар: Таврия Мешіт Құрылыс