Өскемен
Қалың бұлтты
-26°
  • Өскемен
    -26°
  • Семей
    -24°
  • Алматы
    -6°
  • Риддер
    -22°
  • Астана
    -28°
  • Ақтөбе
    -21°
  • Ақтау
    +1°
  • Атырау
    -6°
  • Қарағанды
    -24°
  • Көкшетау
    -19°
  • Қостанай
    -17°
  • Қызылорда
    -2°
  • Павлодар
    -23°
  • Петропавловск
    -16°
  • Тараз
    -4°
  • Түркістан
    +1°
  • Орал
    -18°
  • Шымкент
    +1°
$
494.28
+3.70
587.06
+2.29
¥
71.62
+0.62
6.4
+0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Шығыс Қазақстан облысының 9 аумағында кене энцефалитінің табиғи ошағы бар

Кене энцефалитінің табиғи ошақтары: Алтай, Глубокое, Зайсан, Катонқарағай, Көкпекті (Самар аумағы), Ұлан, Шемонаиха аудандары мен Риддер және Өскемен қалаларының маңы

Усть-Каменогорск и ВКО / Шығыс Қазақстан облысының 9 аумағында кене энцефалитінің табиғи ошағы бар

Кене энцефалиті аурушаңдығының алдын алудағы тиімді шаралардың бірі, ол кене жұқпаларының таратушысы- иксодтық кенелермен күрес болып табылады. Сондықтан ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті барлық кене энцефалиті бойынша табиғи ошақтарда орналасқан санаториялық-курорттық мекемелердің, жазғы сауықтыру ұйымдарының, базалар мен демалыс орындарының, сондай-ақ, табиғи ошақтарда жұмыс істейтін ведомстволардың, ұйымдар мен мекемелердің басшыларына Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі №175 бұйрығымен бекітілген Санитариялық ереженің талаптарын орындау қажеттілігі туралы хабардар етеді.

- кене энцефалиті бойынша табиғи ошақтарда жұмыс істейтін жұмысшыларды арнайы қорғаныш киімімен, репеленттермен және басқа да жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету;

- жұмысшылар арасында кене энцефалитінің алдын алу мәселелері бойынша нұсқаулар жүргізу;

- кенеге қарсы өңдеу жұмыстарын көктем басталуымен жүргізу;

- объектінің аумағында және радиусы кемінде жүз метр айналасында тазалау және абаттандыру жұмыстарын жүргізу;

- аумақтағы ағаштарды санитарлық кесу, қураған бұтақтар мен ағаштардан тұрмыстық, құрылыстық және өсімдік қалдықтарынан тазарту, шөпті шабу, үйлерге, су жағасына, спорт алаңына баратын жолдарды кеңейтіп, тазалау;

- маусым бойы объектіні таза ұстау;

- туристік бағыт болған жағдайда жолдың екі шетіне кемінде елу метр қашықтықта тазалау және кенеге қарсы өңдеу жұмыстырын жүргізу;

- объект аумағына үй жануарларын кіргізбеу;

- дератизация жұмыстарын жүргізу.

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: ШҚО СЭС Кене энцефалиті