Өскемен
облачно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +14°
  • Орал
    +13°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +9°
  • Қызылорда
    +16°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +4°
  • Тараз
    +13°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +14°
$
446.14
+0.19
484.87
+1.91
¥
61.68
+0.02
4.81
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

1 сәуір: Бүгін тарихта

Устинка LIVE ақпараттық порталы осы күндегі маңызды күндер мен оқиғалар туралы баяндайды

Новости мира / Интересные новости / 1 сәуір: бүгін в истории
Фото:
Устинка LIVE

Ақпарат Calend.ru сайтының материалдары бойынша дайындалған.

Бүгін әлемде: 

Күлкі күні; 

Халықаралық құстар күні; 

Кипрдің ұлттық мерекесі. 

 Бүгін тарихта: 

 1803 жылы Франция үкіметі балаларды күнтізбеде жоқ есіммен атауға тыйым салды; 

1890 жылы бельгиялық эмигрант Шарль ван Деполь АҚШ-та тұңғыш троллейбус патентін алды; 

1967 жылы Леонид Гайдайдың «Кавказская пленница, или новые приключения Шурика» атты комедиясының премьерасы өтті; 

1976 жылы Apple компаниясы құрылды; 

1923 жылы таралымы бес жүз дана болатын "Ерік" газетінің алғашқы саны жарық көрді;

1990 жылы атауын "Атырау" газеті деп өзгертті; 

 1943 жылы Алматыда орталық республикалық мемлекеттік кинофотоқұжаттар мұрағаты жұмыс істей бастады; 

1995 жылы ҚР президентінің жарлығымен Министрлер кабинеті жанындағы Кеден комитеті құрылды; 

2004 жылы Елордада "Астана-Думан" әзіл-сықақ орталығының тұсаукесері өтті. 

 Бұл күні туғандар: 

 1821 жылы орыс жазушысы, драматург, ақын, сыншы Николай Гоголь дүниеге келді; 

1831 жылы швейцариялық суретші Альберт Анкер дүниеге келді; 

 1919 жылы Нобель сыйлығының лауреаты, америкалық хирург Джозеф Эдвард Мюррей дүниеге келді; 

1934 жылы кеңестік және ресейлік тележурналист, тележүргізуші, Ресей телевизия академиясының бірінші президенті Владимир Познер дүниеге келді; 

 1983 жылы ресейлік әнші, театр және кино актері Сергей Лазарев дүниеге келді. Оның репертуарындағы әндер, негізінен, ағылшын тілінде жазылған;

1920 жылы Кеңес одағының батыры Баймағамбетов Сұлтан Біржанұлы дүниеге келді. Ол Александр Матросовтың ерлігін қайталаған. Қайтыс болғаннан кейін Кеңес одағының батыры атағы берілді; 

1925 жылы дирижер, сазгер, КСРО халық әртісі, Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұрғиса Тілендиев дүниеге келді. Алматы облысы Іле ауданында туған. Алматы консерваториясын, Мәскеу мемлекеттік консерваториясын бітірген. 400-ге тарта ән мен романс авторы. 50-ден астам драмалық қойылымға, 19 көркем, 17 мультипликациялық және 14 деректі фильмге музыка жазды; 

1939 жылы жазушы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты Салғараұлы Қойшығара дүниеге келді; 1939 жылы жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қостанай, Торғай қалаларының құрметті азаматы Сәрсекеев Қоғабай дүниеге келді.

Следующая →