Өскемен
пасмурно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Актау
    +12°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +8°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +12°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +17°
$
445.95
-0.83
482.96
-1.04
¥
61.66
-0.11
4.82
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Аягөздік артиллеристер ерлік сабағын өткізді

Аягөздік артиллеристер қаладағы қазақ мектеп-лицейінде "Қарулы күштерге 30 жыл" тақырыбындағы ерлік сабағын өткізді

Усть-Каменогорск и ВКО / Аягөздік артиллеристер ерлік сабағын өткізді
Фото:
Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі ұсынды

Шараның мақсаты – мектеп оқушыларын Отансүйгіштікке баулу, елін-жерін сүюге тәрбиелеу, сондай-ақ ел Президентінің тапсырмасын іске асыру аясында жастардың әскери қызметке деген ынтасын арттыру, деп мәлімдеді Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі.


Дивизион командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары капитан Медет Тұяқов оқушыларға Тәуелсіздік пен Қарулы күштердің егіз ұғым екенін жеткізді.

 
Ол өз сөзінде: "Тәуелсіздік пен бейбітшілік – мемлекет дамуының кепілі. Армия өмірдің осы екі маңызды жетістіктерін сақтауды қамтамасыз етеді. Бүгінде еліміздің Қарулы күштері жауынгерлік даярлық қарқындылығының жоғары деңгейімен, сапалы жұмылдыру резервімен, ұлттық әскери оқу орындарының жүйелі желісімен және және қажетті материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етілген" деп атап өтті.
Сонымен қатар, оқушылардың әскери қызмет және әскери білім алу жүйесі жайлы сауалдарына толыққанды жауап берді.


Шара соңында тәрбиеші офицерлер лицей директоры Назигүл Жароваға болашақ Отан қорғаушыларын тәрбиелеудегі белсенділігі үшін рахмет айтып, әскери бөлім командирі полковник Тимур Мұхамеджановтың Алғыс хатын табыс етті.


Жасөспірімдерге патриоттық тәрбие беруде ата-аналардың, ұстаздардың, әскери адамдардың атқалар жүгі ауыр. Сол себепті осындай елдік мұраты жолындағы ерлік сабақтарының жиі ұйымдастырылып тұрғаны абзал, – деді алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі сержант Дәурен Қазыбеков.

Кездесуді әскери бөлімнің "Алға" вокалды-аспаптық ансамблі мен Айгерім Саптыбаеваның шағын концерті қорытындылады.


Следующая →