Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

2022 жылы ШҚО-да жылжымалы медициналық кешендерде (ЖМК) 250-ден астам медициналық көмек беру жоспарланған

Автобус-емханалар сапалы медициналық көмекті шалғай ауылдардағы ағайын үшін қолжетімді етпек. Мамандар осындай көліктермен алыстағы елді мекендерді аралап, ондағы жұртшылыққа қызмет көрсетеді

Усть-Каменогорск и ВКО / 2022 жылы ШҚО-да жылжымалы медициналық кешендерде (ЖМК) 250-ден астам медициналық көмек беру жоспарланған

Бұл кешендердің қызметінің жұмысын, кестесін ұйымдастыру облыстық Денсаулық сақтау басқармасының құзыретінде.

Айта кетйік, 2022 жылы ЖМК арқылы 250-ден астам қызмет көрсетіліп, елді-мекендерді аралау жоспарланған. Бұл ретте Әлеуметтік сақтандыру қоры филиалы арқылы осы қызметті жүзеге асыруға биылғы жылға 700 млн теңгеден астам қаражат жоспарланған.

Айта кетйік, ЖМК-де медициналық көмек учаскелік дәрігердің жолдамасынсыз ұсынылады. Медициналық қызметтерді ауылдық елді мекендердің тұрғындары ала алады.

ЖМК-де диагностикалық шаралар мен зертханалық зерттеулер жүргізу үшін қажетті жабдықтар қарастырылған. ТМККК және МӘМС медициналық көмегін алуға болады.

ТМККК-ға созылмалы және әлеуметтік мәні бар аурулар бойынша емдеу және динамикалық бақылау кіреді. МӘМС-те білікті мамандардың диагностикасы мен кеңестерін алуға болады. Егер пациентке тереңдетілген диагностика қажет болса, онда оған ЖМК мамандары аурудың бейіні бойынша медициналық ұйымға жолдама береді.

ЖМК-да учаскелік дәрігердің қабылдауын, акушер-гинекологтың және басқа да білікті мамандардың консультацияларын, диагностикалық медициналық қызметтерді, функционалдық және зертханалық диагностиканы, сондай-ақ рентгенография және маммографияны алуға болады.

ЖМК-да ауруларды ерте анықтау үшін скринингтік зерттеуден өтуге болады.
Сонымен қатар, халықтың медициналық көмек алуы жөніндегі ұйымдастыру жұмысы үшін осы елді мекен емханасының немесе дәрігерлік амбулаториясының медицина қызметкері жауапты болады.

Тексеру деректері ақпараттық жүйелер мен электрондық денсаулық паспортына енгізіледі.

Следующая →