Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Онкоорталық дәрігерлері науқастың асқазанынан аса ірі ісікті алып тастады

Шығыс Қазақстан облысының Көпсалалы онкология және хирургия орталығының дәрігерлері науқастың асқазанынан салмағы 3 келі ісікті алып, өмірін сақтап қалды

Усть-Каменогорск и ВКО / Онкоорталық дәрігерлері науқастың асқазанынан аса ірі ісікті алып тастады

Зайсан ауданы тұрғынының асқазанындағы ісіктің диаметрі шамамен 40 сантиметр, ал салмағы үш келіден асқан. Ер адам ауруханаға ауырсыну синдромдары мен қан кету басталған кезде жүгінген. Оған асқазан ісігі диагнозы қойылған.


Біз науқасқа бірнеше сағат бойы ота жасадық. Бәрі ойдағыдай болып, ісік сәтті алынды. Ісік басқа мүшелерге өскендіктен, оларды резекциялауға тура келді. Көптеген мүшелер зақымданғандықтан науқастың сауығуы ұзаққа созылады. Одан кейін ісікке қарсы кешенді ем қажет болады, - деді онкохирургия бөлімінің меңгерушісі Әділбек Баймұсанов.

58ef256d-aceb-474b-a00b-aa6fcb7093bd.jpg


Айта кетейік, асқазан ісігі қатерлі ісіктердің статистикасында таралу көрсеткіші бойынша облыста 5-ші орында тұр. Өз кезегінде дәрігер, тұрғындардың денсаулықтарына аса көңіл бөліп, дер кезінде тексерулерден өтіп тұрған абзал екендігін ескертеді.

Следующая →
Тақырыптар: ШҚО Онкоорталық Ота