Өскемен
ясно
+5°
  • Өскемен
    +5°
  • Алматы
    +14°
  • Астана
    +12°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +12°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +12°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +15°
$
447.89
476.78
¥
61.89
4.79
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Аягөздегі қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімде әскерге шақыру науқаны өтуде

Биылғы көктемде аудан бойынша 160 жасты Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатарына жіберу жоспарланған

Усть-Каменогорск и ВКО / Аягөздегі қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімде әскерге шақыру науқаны өтуде
Фото:
Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі ұсынды

Қазіргі таңда шақырылушылардың алғашқы командасы Шекара қызметіне іріктеліп жатыр. Наурыз айының соңына таман 30-ға жуық аягөздік бозбала мемлекеттік шекараны күзетуге аттанады, – дейді әскерге шақыру қызметінің инспектор маманы Самал Биғабатова.

Әдеттегідей биыл да әскерге шақырылушылардың арасында ерік-жігері мықты жастар айтарлықтай көп, деп мәлімдеді Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі. Солардың бірі Бекзат Мәуленбеков Отан қорғау - ер жігіттің азаматтық парызы деп есептейді.

Әскерге шақыру туралы sms хабарлама алдым. Қазіргі уақытта медициналық тексеруден өтудемін. Денсаулығыма шағымым жоқ. Болашақта десанттық-шабуылдау әскерлерінде қызмет еткім келеді, - дейді Бекзат Мәуленбеков.

Көктемгі әскерге шақыру науқаны маусым айының соңында аяқталады.

Следующая →