Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

"Күміс жас" жобасы кімге арналған?

Алдағы 3 жылда облысымыздың 28 мың тұрғыны субсидияланатын жұмыс орындарымен қамтылмақ

Усть-Каменогорск и ВКО / "Күміс жас" жобасы кімге арналған?

Биылдан бастап зейнеркерлікке 2 жылы қалған жұмыссыз адамдар мемлекет тарапынан бөлінетін субсидия арқылы жұмысқа орналаса алады.

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба жүзеге асырыла бастады. Жоба түрлі бағыт бойынша бюджеттен субсидияланатын жұмыс орындарын ашады.

Жобаның мақсаты - кәсіпкерлерді (шағын, орта және ірі) қолдау арқылы кәсіпкерлік құрылымында сапалы өзгерістерді қамтамасыз ету, бәсекелестікті кешенді дамыту және бюджеттен субсидияланатын әлеуметтік жұмыс орындарын құру арқылы барлық деңгейдегі кәсіпкерлерді қолдау, - дейді Шығыс Қазақстан облысының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Альмира Мусинова.

Субсидияланатын жұмыс орындары барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда ұйымдастырылады, бұл ретте салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды тұрақты жүргізетін, жалақысы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан астам жұмыс істейтін жұмыс берушілер қатысуға жіберіледі.

Алдағы 3 жылда 28 мыңнан астам адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда. Оның ішінде "Түлектер үшін жастар тәжірибесі" жобасы аясында - 3,5 мың адам, "Халықтың осал топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындары" - 2 мыңнан астам адам; "Қоғамдық жұмыстар" - 19,5 мың адам; "Бірінші жұмыс орны" - 1 мың адам, "Ұрпақтар келісімшарты" (зейнеткерлік жасқа толған жұмыс істеп жүрген жұмыскерді кейіннен ауыстыра отырып жұмысқа орналастыру) - 150 адам, "Күміс жас" (зейнеткерлік жас алдындағы адамдар үшін) - 2 мыңнан астам адам, - деп атап өтті Альмира Аскерханқызы.

"Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлерді қолдау" бағыты бойынша 2025 жылға дейін жобаға қатысатын кәсіпорындар құрамындағы жеке сектордың үлесі 70%-ға дейін ұлғайтылатын болады.

2022 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жобаға қатысу үшін 3 мың адам жүгінді, оның ішінде 2,5 мың адам жобаға қатысушы болды. Яғни, жұмыссыздар - 2 мың адам, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар - 36 адам, жұмыс іздеушілер - 0,4 мың адам. Жобаға қатысушылардың ішінен 1581 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде субсидияланатын жұмыс орындарына 765 адам: қоғамдық жұмыстарға - 754 адам, жастар практикасына - 6 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына - 4 адам, "Бірінші жұмыс орны" жобасына - 1 адам, - деп нақтылады Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы.

Статистика органдарының деректері бойынша 2021 жылғы 4 тоқсанның қорытындысы бойынша Облыста жұмыссыздық деңгейінің көрсеткіші 4,8%-ды құрады. Аталмыш жоба осы 4,8%-ды толықтай жұмыспен қамтуға көмектеседі.

Ағымдағы жылы жоба шеңберінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға облыстың 1355 кәсіпорны өтінім берген екен.

Следующая →