Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +14°
  • Орал
    +16°
  • Қарағанды
    +20°
  • Көкшетау
    +21°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +24°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +26°
$
443.44
+1.86
480.51
+0.51
¥
61.36
+0.17
4.88
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ақжардағы аурухана жаңа аппаратпен толықты

Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылындағы №2 аурухана халыққа сапалы қызмет көрсетіп келеді. Себебі аурухана жаңа аппараттармен толығып жатыр. Жақында ота кезінде бірнеше қызмет атқаратын жаңа аппарат жеткізілді

Усть-Каменогорск и ВКО /  Ақжардағы аурухана жаңа аппаратпен толықты

Облыс әкімі Даниал Ахметовтің кешенді жоспары негізінде Ақжар ауылындағы №2 ауруханаға бөлінген заманауи аппараттардың ішінде электрокаогулятор, яғни ота кезінде тіндерді кесу, ұсақ қан тамырларды күйдеру арқылы қан кетуін тоқтатуға арналған аппарат болды. Бір қуанарлық жағдай - өткен аптада ауруханада сол құралдың көмегімен екі түрлі ота сәтті жасалған. Біріншісі - аттан құлап сол жақ бұғанасын сындырған Жаңаауылдың тұрғыны. Науқасқа шұғыл жағдайда заманауи, аз жарақаттаушы құлыптама пластинасы арқылы остеосинтез оперативтік отасы жасалған. Ал екіншісі - өт-тас ауруына байланысты ұстамамен келген Тұғыл ауылының тұрғынына холецистоэктомия, яғни өт қабын тастарымен алып тастау операциясы жасалған. Екі жағдайда да электрокоагуляторды қолдану дәрігер жұмысын жеңілдетті.

Ауруханамызға қажетті заманауи медициналық құралдардың келуі дәрігерлер жұмысын нәтижелі етіп, халыққа тиімді қызметін көрсетіп жатыр. Қазіргі уақытта ота жасалған науқастардың жағдайлары жақсы, дәрігерлік қызметкерлерге тек алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдіруде, - дейді аурухана басшысы Елжан Манарбеков.

Медицина - фото Тарбағатай ауданы әкімдігінен (3).jpg

Оперативтік ем алған науқастардың отбасылық бюджеттеріне бұл оталар еш салмақ түсірген жоқ, себебі барлығы МӘМС ӘМСҚ ШҚО жүйесінде сақтандырылған, тегін жүргізілді.

Болашақта науқастарды алыс жатқан облыс орталықтарына жолдамай, осындай және басқа да ота түрлерін өз ауруханаларында жасайтын болады деп сенеміз. Деннің саулығы бәрінен де қымбат. Сондықтан әрбір адам дер кезінде тексеруден өтіп, өз денсаулығына немқұрайлық танытпаса, аурулар саны біршама азаяр еді.

Следующая →
Тақырыптар: ШҚО Ақжар Аурухана