Өскемен
ясно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +23°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +25°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +15°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +12°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +21°
$
445.66
-0.83
474.58
-0.80
¥
61.53
-0.13
4.78
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

"Мың бала" Ұлттық зияткерлік олимпиадасына тіркеу басталды

19 ақпанда ІІІ "Мың бала" Ұлттық зияткерлік олимпиадасына тіркелу басталды

Усть-Каменогорск и ВКО / "Мың бала" Ұлттық зияткерлік олимпиадасына тіркеу басталды

2022 жылғы 20 наурызға дейін облыстың ауыл мектептерінің 5-6-шы сынып оқушылары үшін тіркеу 1000bala.elbasyacademy.kz сайтында жүзеге асырылады. Толығырақ ӨКҚ-дн өткен баспасөз конференциясында облыстық білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділова айтып берді.

2020 жылы дарынды балалар мен белсенді жастарды қолдаудың кешенді бағдарламаларын қарастыратын "Ел Үміті" бастамасы шеңберінде 350 мыңға жуық қатысушыны қамтыған негізгі жобалар іске асырылды. "Ел Үміті" бастамасының жобаларының бірі – "Мың бала" Ұлттық зияткерлік олимпиадасы.

"Мың бала" олимпиадасы елімізде алғаш рет жүзеге асырылып, ауылдық жерлердегі дарынды балаларды анықтап, қолдауға бағытталған. «2021 жылы ШҚО-нан олимпиадаға ауыл мектептерінен 13319 оқушы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша 76 қатысушы жеңімпаз атанды, олардың 25-і дарынды балаларға арналған республикалық және облыстық мамандандырылған мектептерде оқуға мүмкіндік алды. Өз тарапымнан, біздің өңірде ауыл оқушыларының олимпиадаға қатысуы үшін барлық жағдайдың жасалғанын, қолжетімді болғанын ерекше атап өткім келеді, - деді ШҚО Білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділова.

Ал биыл ақпан айының 19-шы жұлдызынан бастап ІІІ "Мың бала" Ұлттық зияткерлік олимпиадасына тіркелу басталды. 2022 жылғы 20 наурызға дейін облыстың ауыл мектептерінің 5-6-шы сынып оқушылары үшін тіркеу 1000bala.elbasyacademy.kz сайтында жүзеге асырылады. Олимпиада қорытындысы бойынша ел бойынша 1000 жеңімпаз анықталады. Олар еліміздің алдыңғы қатарлы мамандандырылған мектептерінде оқуға мүмкіндік алады.

Олимпиада екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең онлайн форматта өтеді. 4-8 сәуір аралығында таңғы 9.00-ден кешкі 21.00-ге дейін 1000bala.elbasyacademy.kz сайтында тестілеуден өту керек. Тестілеу екі бөлімнен тұрады: "Логикалық ойлау" және "Кеңістіктік ойлау". Тестілеу 40 сұрақтан тұрады, шамамен 60 минутты алады. Тестілеуден смартфоннан, планшеттен немесе интернет желісіне қосылған компьютерден өтуге болады. Сондай-ақ, қатысушылар тестілеуден өз мектептерінде немесе "Дарын" орталықтарында өте алады. Өткен жылдың жеңімпаздарына Олимпиадаға тіркеуден өтпей ақ тестілеудің II кезеңінен бастап қатысу құқығы беріледі. Ауыл мектептеріне арналған додаға қатысушылардың 4 пән бойынша білімдері бағаланады. Тестілеу 100 сұрақтан тұрады және 150 минутқа созылады.

Следующая →
Тақырыптар: ШҚО Білім Мың бала