Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлемде тік-тоқ ішек обырына жылына 500 мыңдай адам шалдығады

Тік ішектің обыры барлық қатерлі ісіктердің ішінде жиі кездесетін, төртінші орындағы ауру. Еркектер мен әйел адамдар бірдей ауырады

Усть-Каменогорск и ВКО / Әлемде тік-тоқ ішек обырына жылына 500 мыңдай адам шалдығады

Әлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, жылына бүкіл әлемде осы тік-тоқ ішек рагымен 500 000-дай адамдар ауырады. Ал Америкада тік ішек рагына жылына 145 000 диагноз қойылады, оның 93 пайызы 50 жастан асқан адамдар.

Ресейде тік ішек обырының өсуі 1995-2015 жылдары 30,6%-ға, ал Қазақстанда 1994-2021 жылдары 12,3%-ға көбейіп отыр.

Тік, тоқ ішектерінің қатерлі ісігінің пайда болуына, қоршаған орта факторлары, тамақтың құрамының әсері бар, - дейді «Тік ішектің обыры» жайлы ШҚО Көпсалалы онкология және хирургия орталығының бас онкологы Ербол Құсайынов. - Бұл аурудың көбеюіне әсіресе ақуызы, майы көп тамақтар, өзегі тағамдар әсер етеді екен. Тоқ ішектің рагына шалдығуға әсер ететін фактор – алкогольді сулар, соның ішінде - сыра. Бірақ көбінесе ішектің обыры пайда болып, оның қатерлі ісікке айналуына ішектің полип пен полипоздар көп әсер етеді. Бұл аурулар 10-50 пайызға дейін ракқа ауысып кетуі мүмкін. Ішектің созылмалы аурулары, жаралары, Крона ауруы, тағы басқалары қатерлі ісікке айналып кетуі мүмкін. Сол себепті осындай аурулармен ауыратын адамдар өте сақ жүруі керек, тексерілуі қажет.

Бас кезінде тік ішегінің обыры бірден білінбей пайда болып, өсуі мүмкін екенін ескертеді маман.

Ол 15 айға дейін созылуы мүмкін. Бұл кезде адамдар үлкен дәретке барғанда дәреттің толығымен шықпайтынынан жаман әсер алып жүреді. Бұл ауруға тән әр түрлі симптомдар кездеседі, - дейді онколог Ербол Құсайынов. 

Олар мынандай:

- үлкен дәреттің уақытымен дұрыс келмеуі, ал бара-бара оның қатып қалуы бірнеше күнге дейін, ол іштің кебуіне, үлкен дәреттің ішектен жартылай, не мүлдем жүрмей қалуына әкеліп соғуы.

- ол дәретке барғанда жалқақ, не қан аралас жалқақ шығуы, кейде таза қан ағып кетуі.

- науқастар жиі-жиі үлкен дәретке барады, бірақ дәрет шықпайды, аз-маз болуы, не болмаса жалқақ шығады, кейде сұйық дәрет шығады.

- тік ішегінің обыры әрқашан сыздап ауырады, ауру құйымшақ, сегізкөз жаққа берілуі мүмкін, кейде іштің төмен жағына беріледі. Науқас адамдар бара-бара әлсіреп, басы айналып, жүдейді, қаны азаяды.

Бұл ауруды анықтаудың әр түрлі медициналық тексеру жолдары бар. Мәселен, ректоромоноскопия арқылы ісікті көзбен көріп анализ алу. Бұған фиброколоноскопия да жатады. Бұл одан да жоғары, өте күрделі тексеру. Ол арқылы 100%-ға дейін диагноз қойылады, - дейді бас онколог. - Сонымен қатар, рентгенмен-ирригоскопия-тік-тоқ ішекті тексеруі бар. УДЗ, КТ(компьютер томографиясы) осыларды толықтырады.

Негізі дер кезінде тік ішектің қатерлі ісігі анықталса, оны емдеу де оңай, нәтижесі де жақсы болады.

Осындай алғашқы белгілері пайда болса, білікті дәрігерге хирург-онколог, проктологқа көрініп, толық тексеру өткен жөн. Бұл ауруды дер кезінде анықтап диагноз қойып, дұрыс ем қолданып, жақсы нәтижелергежетуге көп әсер етеді, - дейді Ербол Құсайынов.


Следующая →