Өскемен
малооблачно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +23°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +19°
$
443.37
+1.32
474.49
+0.35
¥
61.24
+0.17
4.83
+0.09
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

"Жастар практикасының" жалақысы биыл қаншалықты өсті?

Түлектерге алған мамандығы бойынша алғашқы жұмыс тәжірибесін жинауға көмектесетін "Жастар практикасы" бағдарламасы 6 айдан 12 айға ұзартылды

Усть-Каменогорск и ВКО /  "Жастар практикасының" жалақысы биыл қаншалықты өсті?

Жоғары және кәсіптік оқу орнын бітіріп, қолына дипломын алған кез келген жас маман үшін алғашқы жұмысын табу оңай емес. Қазіргі кезде көптеген кәсіпорындар, жұмыс берушілер білімі мен біліктілігі бар мамандарды іздейді. Тәжірибе талап ететін жұмыс берушілерге өзін көрсету жас түлек үшін өте қиын. Сондықтан мемлекет "Жастар практикасы" жобасын ұйымдастырды. Осы уақытқа дейін талай түлек осы бағларламаның арқасында біліміне сай тәжірибе жинап, өзінің біліктілігін арттырып, мамандықтары бойынша тұрақты жұмысқа орналасты.

Биыл ұлттық жобаның аясында "Жастар практикасының" мерзімі ұзартылды.

Жастар практикасы барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда уақытша жұмыс орындарын құру арқылы ұйымдастырылады, бұл ретте салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды тұрақты жүргізетін, жалақысы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан астам жұмыс істейтін жұмыс берушілер қатысуға жіберіледі. Жастар практикасы бойынша жұмыс уақытша сипатқа ие. Жастар практикасының ұзақтығы 12 (он екі) айдан аспайды, - деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Жастар практикасына оқуды енді бітірген, мамандығы бойынша әлі тәжірибесі жоқ, 29 жасқа дейінгі жастар қатыса алады. Тек оқу бітіргеніне 3 жылдан аспауы керек.

Жаңадан жұмысқа орналасқан түлек "Жастар практикасы" аясында тұрақты түрде жалақы алып тұрады. Олардың айлық жалақысының мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыларды және банк қызметтерін ескере отырып, кемінде 30 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

Айта кету керек, өткен жылы ғана жалақы мөлшері 25 АЕК құрады.

Следующая →