Өскемен
ясно
+22°
  • Өскемен
    +22°
  • Алматы
    +22°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +12°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +14°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +12°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +4°
  • Шымкент
    +19°
$
439.4
-0.03
473.54
+0.23
¥
60.82
-0.16
4.76
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-ға қанша адам көшіп келді?

Шығыс Қазақстан облысына "Еңбек" бағдарламасы бойынша 6000-ға жуық адам қоныс аударған

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-ға қанша адам көшіп келді?

2017 жылдан 2021 жылға дейін квота бойынша біздің облысқа 5970 адам келген. Ерікті қоныс аударушыларға жалпы сомасы 1,4 млрд теңге субсидия төленді.

2017-2021 жылдары "Еңбек" бағдарламасын іске асыру басқа мемлекеттік даму бағдарламаларымен бірге еңбек және жұмыспен қамту нарығына оң пайдасын тигізді. Жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, қажетті мамандардың жұмыспен қамтылуын көздеді.

Биылдан бастап жұмыссыздарды "Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері" жаңа ұлттық жобасы шеңберінде қабылдайтын болады. Сондай-ақ, кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы іске асырылатын болады.

Ағымдағы жылы қаржыландырудың барлық көздерінен халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі іс-шараларды іске асыруға 6,7 млрд теңге көзделген. Бағдарламамен тек жастарды ғана емес, сонымен қатар аға буын өкілдерін қамту үшін биыл "Күміс жас" жаңа жобасы әзірленді. Ол зейнет жасына жақын адамдар үшін субсидияланатын жұмыс орындарын құру болып табылады. 1 қатысушыға берілетін субсидия 91 890 теңгені (немесе жалақының 50%) құрайды. Ағымдағы жылы осы бағдарламамен 530 адамды қамту көзделіп отыр. 584 млн теңгеге бюджеттік өтінім дайындалды.

ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес, жаңа бизнес-идеяларға мемлекеттік гранттар мөлшері 200 АЕК-ден 400 АЕК-ге дейін немесе 1225200 теңгеге дейін ұлғайтылды.

Следующая →