Өскеменде 269 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда
Сонымен қатар, қалада жеке құрылысты дамыту үшін "бір қабатты Шығыс" аймақтық бағдарламасы жүзеге асырылады
Шығыс Қазақстанда шамамен бір миллион шаршы метр тұрғын үй салынуда, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Бірінші кезекте тұрғын үймен көп балалы отбасылар қамтамасыз етіледі.
Өткен жылы облыста 602 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылды, оның ішінде облыс орталығында 205 мың шаршы метр тұрғын үй салынды. Биыл 685 мың шаршы метр, Өскемен қаласы бойынша 269 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр, - деді Даниал Ахметов.
Бұдан басқа, жеке құрылысты дамыту үшін "бір қабатты Шығыс"өңірлік бағдарламасы іске асырылуда. Мемлекеттік қаражат есебінен Өскеменде жеті тұрғын ауданға инженерлік коммуникациялар жүргізіледі.