ШҚО-да коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина - профилактикалық шаралар қарқынды жүргізілуде
Бүгінгі күні облыста КВИ-ге қарсы вакцинациялаудың бірінші және екінші компонентімен қамту 100%-ға қол жеткізілді
Қарашаның үшінші онкүндігінен бастап аймақтағы жалпы егу науқанына 12 жастан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер, жүкті әйелдер (жүктіліктің 16-дан 37-ші аптасына дейін) және бала емізетін әйелдерді (босанғаннан кейін 42 күн) Pfizer/BioNTech шығарған «Комирнати» вакцинасымен егу қосылды.
Шығыс Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ұсынған ақпарат бойынша, 2022 жылғы 3 наурыздағы жағдайы бойынша вакцинациялауға жататын 105 182 адам «Комирнати» вакцинасының 1-компонентін алды, оның ішінде 2 617 жүкті әйел, 8 660 бала емізетін әйел, 93 903 жасөспірім бар. 2-компонентпен 97 247 адам егілген, оның ішінде 2 164 жүкті әйел, 7 418 бала емізетін әйел, 87 663 жасөспірім.
Вакцина салдырған адамдарда вакцинаға қолайсыз реакциялар тіркелмеген.
Эпидемиологтар мен иммунологтардың пікірінше, ревакцинация екінші екпені алған күннен бастап 6 айдан кейін «омикрон» коронавирусының жаңа штамынан қорғауға көмектеседі.
2022 жылғы 3 наурыздағы соңғы мәліметтерге сәйкес облыста 434 566 коронавирусқа қарсы ревакцинациядан (үшінші бустерлік доза) өтті. Иммундық жүйені нығайтуға ревакцинация QazVac, VeroCell, Спутник Лайт вакциналарымен жүргізілуде.
ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті облыс тұрғындарын COVID-19-ға қарсы вакцина алуға шақырады, соның салдарынан біз бәріміз қалыпты бұрынғы өмірге орала аламыз. Вакцинацияның мақсаты – КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандырып, ұжымдық иммунитетті қамтамасыз ету.