Өскемен
ясно
-18°
  • Өскемен
    -18°
  • Алматы
    -7°
  • Астана
    -9°
  • Ақтөбе
    -7°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    -4°
  • Қарағанды
    -9°
  • Көкшетау
    -10°
  • Қостанай
    -10°
  • Қызылорда
    -6°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -12°
  • Тараз
    -2°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    +2°
$
515.25
+0.32
535.91
-0.13
¥
70.6
+0.05
5.18
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендегі кәсіпкерлер тапсырыс берушілердің үстінен прокуратураға арызданды

Өскемен қалалық прокуратураға мемлекеттік сатып алу саласындағы құқықтарының бұзылу фактілері бойынша 3 кәсіпкер («Fyrst company» ЖШС, «Titan premium group» ЖШС, «Востоктранссигнал» ЖШС) жүгінді

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендегі кәсіпкерлер тапсырыс берушілердің үстінен прокуратураға арызданды

Өз шағымдарында олар мемлекеттік сатып алу туралы шарттар шеңберінде өз міндеттемелерін адал және толық көлемде орындағанын атап өтті. Алайда белгіленген мерзімде тапсырыс берушілер шарт бойынша төлем жасамаған.

Тапсырыс берушінің заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде біздің кәсіпорын қызметкерлердің жалақысын уақтылы төлей алмады. Сонымен қатар, салықтар мен несиелік міндеттемелер бойынша берешек пайда болды, - дейді «Востоктранссигнал» ЖШС директоры Азамат Жуватканов.

Осы мәселені жіті қараған қалалық прокуратура басқа тағы 170 кәсіпкер осындай проблемаларға тап болғанын анықтаған. Оларға тапсырыс берушілер 600 млн теңгеден артық қарыз.

Заңдылықтың бұзылуын жою және кәсіпкерлердің құқықтарын қалпына келтіру мақсатында қала прокуратурасы тапсырыс берушілердің атына қадағалау актілерін енгізді. Нәтижесінде, бүгінгі таңда 75 кәсіпкерге 497 млн теңге төленді. Кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Басқа да бизнес субъектілерінің құқықтарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, - деп мәлімдеді Өскемен қалалық прокуратураның баспасөз қызметі.

Кәсіпкерлер құқығы бұзылған жағдайда қала прокуратурасының мобильді тобына 75-48-48, 8-778-775-48-48 сенім телефондары арқылы хабарлауға болады.



Следующая →